Шымкентте коммуналдық тарифтер бағасы тұрақты

Шымкент қаласында 2019 жылдан бастап кейбір коммуналдық тарифтердің төмендеуі байқалды. Жылумен жабдықтау 2018 жылы 142,31 тг болса, соңғы үш жылда 110,78 тг болып тұрақталған.  Сумен жабдықтау 97,97 тг болса, қазір 88,17 тг.  Суды бұру 39,03 теңгеден 35,13 теңгеге түскен. Газбен жадықтау үш жыл алдын 34,47 тг, қазір 31,59 тг болған. 2019-2021 ж. коммуналдық тарифтерді төмендеуі нәтижесінде тұтынушылардың үнемделген қаржылары 9,76 млрд.теңге құрап, тұрғындарға кері қайтарылған. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы филиалы департаментінің басшысын қабылдап, саладағы өзекті мәселелерді талқылады.

Департамент басшысы тарифтерді тұрақтандыру бойынша жартыжылдықта атқарылған жұмыс жөнінде баяндады. Оның айтуынша, Шымкент қаласында 75 қызмет түрі бойынша 59 табиғи монополия субъектісі енгізілген. Олар электр энергиясын және газ тасымалдау, жылумен қамтамасыз ету, сумен жабдықтау және су бұру қызметі, кірме жолдары бағытында жұмыс жасайды.

Осы жарты жылдықта тұрғындардың арыздары бойынша жоспардан тыс 10 тексеру жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде 51 нұсқама енгізіліп, 23 әкімшілік құқықбұзушылық қозғалған. Оларға 41,9 млн.тг. айыппұл салынып, тұтынушылардан артық алынған 3,39 млн.теңге толық қайтарылды дейді сала басшысы.

«Табиғи монополия туралы» ҚР Заңға сәйкес, тариф бес және одан көп жыл мерзімге белгіленеді. Осыған орай бекітілген тарифтердің мерзімі бітуіне байланысты – 3 табиғи монополияның 2021-2026 жылдарға жаңа тарифтері бекітілгенін жеткізді. Департамент тарапынан 2019 жылдан бері 1 миллионнан аса адамның құқығы қорғалған.

Департамент жұмысына қаныққан Шымкент әкімі монополист мекемелермен келіссөздер жүргізіп, баға тұрақтылығын сақтауды және оларға бақылауды күшейтуді тапсырды. «Айкөмек-109» орталығына келіп түсетін арыз-шағымдардың басым бөлігі де осы коммуналдық қызметке қатысты болғандықтан, сапалы қызмет көрсетуге барынша назар аудару қажеттігін айтты қала басшысы.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]В Шымкенте около 2000 работникам оказана помощь по взысканию заработной платы [:]

Tue Aug 10 , 2021
Сегодня аким города Шымкент Мурат Айтенов заслушал отчет руководителя городского управления государственной инспекции труда Бауыржана Калжанова о проделанной работе за первое полугодие. Руководитель управления отметил, что за отчетный период через единый информационный центр по трудовым отношениям поступило 23 обращений, все исполнены по обозначенным срокам. Вместе с тем, за это время […]