Шымкенттегі этноауыл өртенді

Шымкент қаласында туристер жиі баратын кешенде өрт шықты. Төтенше жағдайлар департаменті берген мәлімет бойынша, өрт ошағы мұндағы этноауылдан шыққан. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз, деп хабарлайды adilettv.kz тілшісі.

«2021 жылғы 26 тамызда түнгі сағат 00:49-да «101» басқару пультіне Әл-Фараби ауданы, Сапақ Датқа көшесі бойында орналасқан құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан «Шымқала» этноауыл аумағында өрт шыққаны туралы хабар келіп түсті. Өрт сөндіру бөлімдері қызыл жалын шарпыған аймаққа 7 минутта келіп жетті. Оқиға орнында этоноауыл аумағында орналасқан көлемі 80 шаршы метр бастырма және көлемі 8 шаршы метр қораның қамыс төбе жаппасы жанғандығы анықталды. Өрт сағат 01:10-да оқшауланып, сағат 01:19-да  толығымен сөндірілді», – деп хабарлады Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаменті.

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі әлі белгісіз.

Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 25 қызметкері мен 5 техникасы жұмылдырылды.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Байланыс операторының қызметіне көңіліңіз толмаса...[:]

Thu Aug 26 , 2021
ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясының басшысы Е.Тоқтағұлов қала аумағындағы интернет желісінің сапасын талдау мен дамыту жөнінде БАҚ өкілдеріне брифинг берді. Брифингте, Егер өз мобильді байланыс операторыңыздың қызметіне көңіліңіз толмаса, Шымкент қаласы М.Х. Дулати көшесі 3, 3 қабат, 19а кабинетіне […]