Өзекті мәселелер бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінде заңдылықты, тәртіпті сақтау және сыбайлас жемқорлықты алдын алуға бағытталған іс-шаралар күнделікті жоспарлы түрде жүргізілуде.


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінде, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде, оның құрылымдық бөлімдерінде позитивті имиджді қалыптастыру көп жағдайда бөлімдер мен бөлімшелердегі әскери және еңбек, құқықтық тәртіптің жағдайына байланысты болады. Ал оны тиісті деңгейде ұстау міндеті ең алдымен басшылық құрамға жүктелген.
Осы бағытта Департаментте бастықтың орынбасары полковник Ерғали Бахаевтың төрағалығымен «Дөнгелек үстел» ұйымдастырылып, оның жұмысына барлық бөлімдердің басшы және жеке құрамы қатысты. Сонымен бірге іс-шарада қарастырылған мәселелер бойынша Шымкент қаласы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызмет басқармасы бастығының орынбасары полиция подполковнигіД. Тоғайбеков және Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Ж. Альжанова қатысты.
Күн тәртібінде «Жол жүру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды алдын-алу» және «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу» мәселелерге қатысты мамандар қажетті ақпарат жеткізгеннен кейін қатысушылар арасында қызу талқылау болды. Қойылған сұрақтарға мамандар өз салаларына байланысты толыққанды жауаптарды беріп, көтерілген мәселелелердің өзектілігін және қажеттілігін нақтылап өтті.

Шымкент қ.ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Депутаттық сауалға жауап берілді[:]

Tue Oct 8 , 2019
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 21-1 бабына сәйкес Шымкент қаласы Мәслихатының депутаты Н.Бұхарбайдан Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне депутаттық сауал жолданды. Хатта«Шымкент қаласының білім басқармасының №80 мектеп-лицейінің басшылығы мектеп ғимаратына көршілес орналасқан қоғамдық монша ғимаратын жалға алу арқылы оқу […]