Еңбекші ауданында биыл 56 көпқабатты үй ауласы абаттандырылады

Еңбекші ауданында «Халық қатысатын бюджет» жобасының аясында 56 көпқабатты үйдің аулалары жаңартылады. Аталған жұмыстарға бюджеттен 890 млн. теңге бөлініп отыр. Бұл туралы аудан әкімі Д.Есілбек ауданда атқарылған жұмыстар барысын қала әкімі Мұрат Әйтеновке таныстыру барысында айтты.

Оның айтуынша, қазіргі таңда 24 көпқабатты үйдің аулаларында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде екен. Қалған 32 көпқабатты үй бойынша мемлекеттік сатып алу іс-шарасы өткізілуде.

Еңбекші ауданы бойынша 630 көпқабатты тұрғын үйлер 435 аулаға біріктірілген. Ауданда 2011-2020 жылдар аралығында кезең-кезеңмен 565 үйдің 373 ауласы абаттандырылған.

Аулалары бұрын абаттандырылған үйлердің басым бөлігіндегі ойын элементтерінің тозығы жеткен, жаңалауды қажет етеді. Ауданда ағымдағы жылдан бастап аулаларды қайта абаттандыру, балалар ойын алаңшаларын жаңалау жұмыстары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасының негізінде «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда.

2022 жылы абаттандыру жұмыстары осы жоба шеңберінде жүргізілетін болады. Айта кетейік, осы жылдың қыркүйек айынан бастап тұрғындардан жобалық ұсыныстар аудан әкімі аппаратының ресми сайты арқылы қабылдау басталды.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Жастар Жолдауды қолдайды[:]

Mon Sep 6 , 2021
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Жастарды қолдау» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Жиында “Nur Otan” партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева жолдауда айтылған нақты басымдықтарға жеке-жеке тоқталып, […]