Жастар Жолдауды қолдайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Жастарды қолдау» қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.

Жиында “Nur Otan” партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Бектаева жолдауда айтылған нақты басымдықтарға жеке-жеке тоқталып, сайлауалды бағдарламалармен байланыстыра жүйелі жұмыс істеу қажеттігін түсіндірді. Президент белгілеген міндетті жүзеге асыруда жастардың қолдауы маңызды екенін тілге тиек етіп, бірлесе атқаратын істің нәтижесін көрсетуге шақырды.

Сонымен қатар аталған тақырып аясында Шымкент қаласы мәслихат депутаты, фракция мүшесі Балтабаев Талғат Дуйсебайұлы және «Jas Otan» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалының төрағасы Исахов Мағжан Шыңғысұлының баяндамалары тыңдалды.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте көпбалалы аналар SMM курсын тегін оқуда[:]

Tue Sep 7 , 2021
Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығы көпбалалы аналарға үй жағдайында отырып табыс табу жолдарын үйрету үшін түрлі салалар бойынша бағыт-бағдар беріп, тегін курстар өтуде. Байдібек би даңғылында орналасқан «Shanyraq» орталығында бүгінде заманауи қажетті білімдердің бірі болып отырған SMM курсын 20-дан астам көпбалалы […]