Шымкентте көпбалалы аналар SMM курсын тегін оқуда

Шымкент қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығы көпбалалы аналарға үй жағдайында отырып табыс табу жолдарын үйрету үшін түрлі салалар бойынша бағыт-бағдар беріп, тегін курстар өтуде.

Байдібек би даңғылында орналасқан «Shanyraq» орталығында бүгінде заманауи қажетті білімдердің бірі болып отырған SMM курсын 20-дан астам көпбалалы ана оқып жатыр.

Курс 1 ай мерзімге созылады, аптасына екі рет өткізіледі. Бүгінде көпбалалы және аз қамтамасыз етілген аналардың бесеуі әлеуметтік желі арқылы ақша табудың жолдарын үйреніп, үздік аяқтағандары үшін арнайы сертификаттар алды.

Курсқа жазылу және толық мәліметтер алу үшін 8775 045 39 17 байланыс нөміріне хабарласуға болады. Мекенжайы: Бәйдібек би даңғылы, 32 а.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Нұртас шағын ауданы биыл сапалы ауыз сумен қамтылады[:]

Tue Sep 7 , 2021
Шымкент қаласы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту жұмысы – қала әкімдігінің күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. Қазіргі уақытта қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту және су сапасын арттыру мақсатында 11 елдімекенде құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл жылы барлығы 9 елдімекенде құрылыс жұмысы аяқталып, 25 мыңнан астам қала тұрғыны сапалы […]