Нұртас шағын ауданы биыл сапалы ауыз сумен қамтылады

Шымкент қаласы тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту жұмысы – қала әкімдігінің күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі. Қазіргі уақытта қала тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту және су сапасын арттыру мақсатында 11 елдімекенде құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Бұл жылы барлығы 9 елдімекенде құрылыс жұмысы аяқталып, 25 мыңнан астам қала тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтылатын болады. Биыл ауыз су мәселесі шешілетін елдімекендер қатарында Нұртас шағын ауданы да бар.

Қаратау ауданына қарасты Нұртас шағын ауданындағы жаңа құрылыс аумағын ауыз сумен қамту жұмысы осы жылдың маусым айынан басталған.

Мердігер мекеме «Turan Energo Group» ЖШС тарапынан жүргізілген құрылыс жұмыстарының бүгінде 45 пайызы аяқталды. Жоба бойынша ұзындығы 40,8 шақырымды құрайтын ауыз су құбырының бүгінде 18,36 шақырымы орнатылды.

Қараша айында құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, Нұртас шағын ауданындағы 2500 тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]С.Бәйтереков көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын[:]

Tue Sep 7 , 2021
Биыл Шымшаһарда 21,9 шақырымдық 9 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында Б.Момышұлы, С.Бәйтереков, Т.Рысқұлов, Ж.Тәшенов, Ғ.Иляев, Ж.Шаяхметов, Ақназар хан және Клара Цеткин көшелері бар. Шымкенттегі басты магистралды, көлік ағыны жоғары көше болып табылатын С.Бәйтереков көшесінде жаяу жүргіншілер жолы мен веложол салу жұмыстары жүріп жатыр. Жауапты мердігер мекеме […]