С.Бәйтереков көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

Биыл Шымшаһарда 21,9 шақырымдық 9 магистралды көшеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың қатарында Б.Момышұлы, С.Бәйтереков, Т.Рысқұлов, Ж.Тәшенов, Ғ.Иляев, Ж.Шаяхметов, Ақназар хан және Клара Цеткин көшелері бар.

Шымкенттегі басты магистралды, көлік ағыны жоғары көше болып табылатын С.Бәйтереков көшесінде жаяу жүргіншілер жолы мен веложол салу жұмыстары жүріп жатыр. Жауапты мердігер мекеме – «Профиленд» ЖШС.

Жөнделетін көшенің ұзындығы 2 шақырымды құрайды. Жаяу жүргіншілер жолына мәрмәр тас қосымшасымен жасалған жолаяқ төсеніші қойылған. Мердігердің айтуынша, ол ұзақ мерзімге шыдамды әрі қыста тайғақ болмайды дейді. Сонымен бірге, жаңа орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылған.

Бүгінде құрылыс жұмыстарының 70 пайызы біткен. Күз мезгілінің соңына дейін толығымен аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шалғай аудандарға баратын автобустар саны көбейеді[:]

Tue Sep 7 , 2021
Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов бүгін @akimat_shymkent парақшасынан тікелей эфирге шығып, тұрғындар сауалына жауап берді. Әлеуметтік желілерде басқармаға қатысты қойылатын ең маңызды сұрақтардың бірі – қоғамдық көліктердің жаңарған бағыттары, яғни көп талқылау жүргендері – №17,21,34,171,171А. Эфир кезінде басқарма басшысы осы тақырыпқа кеңінен тоқталды. №17 […]