Шымкентте нысана көздеуден 14-ші Азия чемпионаты аяқталды

Құрлықтық чемпионат қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 12 алтын жүлдеге ие болды. Отандық спортшылар 12 алтын, 12 күміс және 12 қола медальмен жалпыкомандалық есепте көш бастады.

Екінші орынға 5 алтын, 8 күміс және 4 қола медаль жеңіп алған Өзбекстан командасы, үшінші сатыға 5 алтын және 3 күміс иеленген Индонезия құрамасы жайғасқан. Азия біріншілігіне құрлықтың 10 мемлекетінен 176 спортшы қатысты.

Сондай-ақ, пневматикалық винтовкамен нысана көздеуден командалық жарыста Юрий Юрков, Ислам Усейнов және Алексей Клейменов топ жарды. Аралас командалық сында Ирина Локтионова мен Эльдар Иманқұлов күміске қол жеткізді.

Азия чемпионатында Ислам Усейнов (жекелей сын, командалық сын, ҚР рекорды), Эльдар Иманқұлов (жекелей және командалық сын), Зухра Ирназарова (жекелей сын), Никита Шахторин (жекелей және командалық сын, жасөспірімдер арасында ел рекорды), Юрий Юрков сынды мергендер үздік нәтиже көрсетті.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкент қаласы мектеп оқушыларының оқу кестесіне көшбасшылық бойынша факультативтер енгізілді[:]

Mon Sep 20 , 2021
Шымкентте Болат Өтемұратов Қорының Jas Leader Akademiiasy жобасы аясындағы факультативтік сабақтар басталды. 5-11 сыныптардың 12 мыңнан астам мектеп оқушылары заманауи әлемде сұранысқа ие дағдыларды меңгереді. Сөйтіп, балалар қызықты интерактивті форматта презентация өткізуді, топта жұмыс істеуді және уақытты жоспарлауды үйренеді. Оқу жылының басына қарай оқушылардың жасына байланысты бейімделген оқу құралдары әзірленді. […]