МАҚСАТ – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Шымкент қаласы бойынша аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Жиынға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаменті, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, «Nur Otan» партиясының қалалық филиалы қызметкерлері, ақпараттық-ағартушылық штабының мүшелері, «Шымкент май», «Dani Nan» ЖШС өкілдері қатысты.

Іс-шарада Мемлекет басшысының Жолдауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оны болдырмаудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану мәселелері, бизнестің адалдығы мен аталған саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғауға бағытталған комплаенс мамандарының қызметі талқыланды.

Комплаенс мамандарының негізгі міндеттерінің бірі – құқық бұзушылықтардың алдын алу және ұйымның іскерлік беделін қорғау болып табылатындығы түсіндірілді.
Іс-шараға қатысушылар жиын барысында өз ойларын ортаға салып, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды қолдайтындарын жеткізді.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Аягөз Сәкенқызы

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкенттік онкологтар халықаралық форумда тәжірибесімен бөлісті[:]

Thu Sep 23 , 2021
Шымкент қаласының онкологтары Грозный қаласында өткен онкология саласындағы Дүниежүзілік көшбасшылардың форумында өз тәжірибелерімен бөлісті. Халықаралық жиын – медицинадағы аз инвазивті тәсілдерді қолдана отырып, оны емдеу әдістеріне кеңінен енгізу үшін ұйымдастырылған. Дүниежүзілік форумға қатысқан шымкенттік онклогтар емдеу әдістері жөнінде шет елдік әріптестерімен тәжірибе алмасты. Қаладағы онкологиялық орталықтың химиотерапия және эндоваскулярлық онкология […]