Халықаралық конференция өтеді

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және профессор Сейдулла Садықовтың 70 жасқа толуына орай «Ел Тәуелсіздігі және ұлттық журналистиканың өзекті мәселелері» тақырыбында Халықаралық онлайн конференция өткізеді

2021 жылдың 15 қазанында сағат 10.00-де Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Ел Тәуелсіздігі және ұлттық журналистиканың өзекті мәселелері» атты Халықааралық онлайн конференцияның ашылуы өтеді.

Конференцияға ҚР ЖОО журналистика кафедрасының өкілдері, БАҚ мамандары, Қазақстан, Түркия, Қырғызстан және Өзбекстан университеттерінің ғалымдары, студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысады.

Конференция материалдары жеке жинақта шығарылады және қатысқандығы туралы сертификаттар беріледі.

Жарияланымның негізгі шарты – баяндаманы конференцияға дайындау. Ұйымдастыру алқасы конференция басталғанға дейін бағдарлама мен баяндамалар жинағын дайындап, баспадан шығарады. Баяндамалардың мазмұны конференция тақырыбына сәйкес болуы тиіс.

Материалдар 2021 жылдың 10 қазанына дейін қабылданады.

Жарияланым талаптары туралы ақпаратты ұйымдастырушы комитетінен сұрап, біруге болады

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

Түркістан қ, Бекзат Саттарханов даңғылы, 29

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Журналистика кафедрасы

Тел.: +77014477111, +77079661741

САДЫҚОВ СЕЙДУЛЛА САДЫҚҰЛЫ

Садықов Сейдулла 1951 жылы 27 қыркүйекте Түркістан (Шымкент) облысы, Жетісай (Киров) ауданы, Қызылқұм ауылында дүниеге келді.

1968 жылы Қызылқұм ауылындағы В.И.Ленин атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін Киров аудандық «Коммунистік еңбек» газетіне әдеби қызметкерлікке қабылданады.

1970-72 жылдары кеңес армиясы қатарында әскери борышын өтеді.     1972жылы кезіндегі С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті Журналистика факультетінің студенті болып қабылданды.

1977 жылы университетті бітірген соң Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Насихат және үгіт бөлімінің жолдамасымен Алматы облыстық «Жетісу» газетіне жіберіліп, жауапты хатшының орынбасары, меншікті тілші, арнаулы тілші қызметтерін атқарды.

1987жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Журналистика факультетіне конкурстық негізде аға оқытушылыққа қабылданды. Факультет деканының тәрбие істері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.

1992 жылы 26 маусымда Ресей Федерациясы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетінің Д.053.02.10 диссертациялық кеңесінде 10.01.10 – Журналистика мамандығы бойынша «Аграрные преобразования в Казахстане и печать» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.             1994 жылы 11 шілдеде Журналистика мамандығын ашуға арнайы шақыртумен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Журналистика факультетінен ауысып келді.

1995 жылы 29 наурыздан Журналистика кафедрасының меңгерушісі, 2003-2005 ж.ж. докторантурада (аға ғылыми қызметкер) болды. Қазір осы оқу орнындағы Журналистика кафедрасының профессоры.

Докторлық диссертацияны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білі және ғылым саласындағы бақылау комитетінің жолдама-рұқсат хаты арқылы 2012 жылғы 29 наурызда «Освещение вопросов национальной идентификации и национальной идентичности в печатной прессе Казахстана (историко-филологические и методологичские аспекты)» деген тақырыпта 10.01.10 – Журналистика мамандығы бойынша Мирзо Улугбек атындағы Өзбекстан Ұлттық университетінің арнайы мамандандырылған докторлық диссертациялық кеңесінде қорғады.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің шешімімен (2018 жылғы 16 наурызындағы №414 бұйрық) Өзбекстан Республикасындағы Жоғарғы аттестациялық комиссиясының шешімімен берілген филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі дипломының (04 №004785, 2012 жыл, 29 қараша 193/1) баламалығы танылды.

Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрілігі Білім және ғылым саласындағы Бақылау комитетінің 2014 жылғы 16 маусымдағы шешімімен қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы берілді.

С.Садықов кәсіби журналист, ғалым, ұстаз. Түркістан облысы мен Түркістан қаласының үздік насихатшысы, «ЖОО үздік оқытушысы -2012», Бірінші Назарбаев оқулары «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Халықаралық форумында қатысушы, Қазақстан филологтары І съезінің делегаты – 2013, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Оңтүстік Қазақстан  облысының 80 жылдығы мен Халықаралық «Түркістан» газетінің 20 жылдығына орай ұйымдастырылған республикалық шығармашылық байқаулардың жүлдегері. Түркістанның Жыл адамы, Н.Төреқұлов, М.Шоқай және Түрістанға сіңірген еңбегі үшін медальдарының иегері.

Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Назарбаевтың сенімді өкілі (2015ж.), Президенттікке кандидат Қ.Ж.Тоқаевтың сенімді өкілі (2019 ж.) болды. «Нұр Отан» партиясының, сондай-ақ университет Ардагерлер кеңесі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұйымының мүшесі.

Кәсіби журналистік стажы – 53, ғылыми-педагогикалық стажы – 34 жыл.

 Ұстаздық және шығармашылық баяны

Ұстаз, ғалым, журналист С.Садықовтың журналистік шығармашылығы мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі тақырыбы – Қазақстан халықтарының ынтымағы мен бірлігі, қазақ халқының идентификациялануы, ұлттық бәсекелестікке қабілеттілігі мен бірегейлікке ұмтылысы, Тәуелсіз Қазақ елінің өркендеу жолы, жарқын болашағы, ұлтымыздың көкейкесті өзекті мәселелері, т.б.

С.Садықовтың ғылыми еңбектерінің саны 120-ға жуық, оның ішінде журналистика және публицистика проблемалары бойынша 1 оқулық, 4 оқу құралы, 5 монографиясы, 4 оқу-әдістемелік құралы, 70 ғылыми-зерттеу мақаласы, шетелдік басылымдарда 30-дан астам, Scopus базасында 7 жарияланымы жарық көрген. Халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық, ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен Халықаралық Түркология конгрестерінде 20-дан астам баяндамалар жасаған.

Автордың ғылыми мақалалары АҚШ, Қытай, Нидерланды, Ресей, Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан және Қырғызстан елдерінің басылымдарында жарияланған. «Казахи. Вопросы идентификации и идентичности и печать Казахстана» деген көлемі 26 баспатабақ монографиясы Германияның «Palmarium» академиялық баспасында, «Тюркская филология: вопросы языка и литературы» атты қосалқы авторлық Халықаралық жинағы Бакуде, «Освещение вопросов национальной идентичности в казахстанской публицистике» деген монографиясы Ташкентте басылған. Сондай-ақ «Қазақ журналистикасы: ұлттық бірегейлік мәселелері» атты оқулығы, «Ұлттық рух жаршысы», «Қоғам және журналист» деген монографиялары, «Публицистің шығармашылық шеберханасы», «Қазақ елі: Тәуелсіздік публицистикасы», «Журналист жолға шықты», «Қазақ журналистикасы: ұлттық идея» атты оқу құралдары баспадан шыққан. Ғалымның монографиялары, оқулығы мен оқу құралдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлтық университетінің, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің, Қорқыт Ата Мемлекеттік университетінің, т.б. бірқатар жоғары оқу орындарының Журналистика факультеттері мен бөлімдерінде оқылып жүр.

Ғалым-журналист С.Садықовтың Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаев жөнінде жазылған «Ұлы Дала генераторы» атты ғылыми-публицистикалық кітабы (17 баспатабақ) жарық көрді. Автор бұл еңбегі үшін кезінде Президент Кеңсесінің Бастығы М.Қасымбековтен Елбасының алғысы мен тілектестігін жеткізген хат алды. Бұл кітап Тұңғыш Президент кітапханасына қойылған.

С.Садықов кезінде Елбасы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауларының «Болашаққа бағадр: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларының тұрақты насихатшысы болды. Бұл еңбектері облыстық, қалалық деңгейде лайықты бағаланып, Дипломдармен, Алғыс хаттармен марапатталды.

Кәсіби журналист, ғалым С.Садықовтың ғылыми-публицистикалық мақалалары республикалық «Егемен Қазақстан», «Айқын», «Қазақ үні», «Әділет», облыстық «Оңтүстік Қазақстан», «Қостанай таңы»,  қалалық «Түркістан» газеттері мен «Қазақстанның ғылымы мен өмірі» журналында, Жоғары оқу орындарының Хабаршыларында, сондай-ақ Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан басылымдарында жарияланған.

Журналист-ғалым С.Садықовтың Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Түркі әлемі. Түркістан. Тұңғыш Президент» атты көлемі 26 баспатабақ түрлі-түсті суретті ғылыми-публицистикалық кітабы таяу арада баспадан шығатын болады. Автор бұл кітап жөнінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы М.Қасымбековтен жылы лебіз білдірген хат алды (12.01.2021. ЖТ-С-1345).

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Цифровизация сбережет ВОДУ, или Президент сказал - Шымкент сделал[:]

Fri Sep 24 , 2021
В Шымкенте за счет экономии природных ресурсов норма потребления питьевой воды на одного человека снизилась в четыре раза. Сейчас сотрудники ТОО «Водные ресурсы – Маркетинг» работают над тем, чтобы снизить себестоимость кубического метра воды, а также нормативно-технические потери на водопроводных сетях. Как экономят воду В Послании «Единство народа и системные […]