Ынтымақтастық туралы әріптестік келісімге қол қойды

Бүгін «Ақпараттық-коммуникациялық орталығы» КММ-нің директоры Заңғарбек Усупахметов және «Шымкент қаласының ахуалдық орталығы» КММ-нің басшысы Азат Әміртаев өзара келісімге қол қойды.

Ынтымақтастық барысында Заңғарбек Нышанбекұлы әріптестік келісімнің негізгі мақсатын жеткізді.

– Бұл ынтымақтастық шеңберінде ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру және әлеуметтік сипаттағы ақпарат алмасуды көздеп отырмыз. Яғни, Шымкент қаласы тұрғындарынан келіп түскен талап-тілектерінің дер кезінде орындалуы мен жергілікті атқарушы органдар арасында байланысты нығайту, – деді З.Усупахметов.

Осы орайда Азат Ермекбайұлы аталған келісімнің маңыздылығына тоқталып, бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екенін білдірді.

Айта кетейік, әріптестік келісім шеңберінде қос тарап бірлескен жұмыс үшін байланыстар орнату мен деректер алмасу кезінде қолайлы жағдайлар жасау, сондай-ақ, жұмысты тиімді іске асыру мақсатында мамандарды айқындау және тараптар арасында күніне 2 рет ақпарат алмасуды негізге алмақ.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қазақстан машина жасаушыларының форумында Шымкенттік тауарлар ұсынылды[:]

Thu Sep 23 , 2021
Мемлекет басшысы «Машина жасау Қазақстан экономикасының, жұмыспен қамту мен экспорттың локомотивіне айналуы керек» деген болатын. Осы мақсатта Елордадағы ЕХРО халықаралық көрме кешенінде Қазақстан машина жасаушыларының ІХ форумы өтіп жатыр. Аталмыш форумға Шымкенттің арнайы тақтайшасы қойылып, жергілікті тауар өндірушілер, сонымен бірге «Индустриалды аймақтар» Басқарушы органының директоры қатысуда. Форумның екінші күнінде ҚР […]