Шымкентте химия өнеркәсібінің өнімі 58 пайызға артты

Шымкентте осы жылдың 8 айында өнеркәсіп өнімінің өсімі 106,4 пайыз болып, 484,5 млрд. теңгеге жеткен. Өндірілген өнімдердің 87 пайызын өңдеу өнеркәсібі құрап отыр.

Өңдеу өнеркәсібі саласында жиһаз, химия өнеркәсібі, электр жабдығы, дайын металл, киім-кешек, сусындар, тамақ өнімдері, тоқыма бұйымдары мен мұнай өңдеу өнімдерінің нақты көрсеткіш индексі 100 пайыздан асады.

Өнім көлемі артқан саланың бірі – химия өнеркәсібі. Бұл сала өндірісі өткен жылмен салыстырғанда 58,8 пайызға артқан. Кәсіпорындарда жыл басынан бері 6,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 158,8% құраған. Мұндай өнімдерге сабын, әртүрлі жуу құралдары, спирт тыңайтқыш, бояу және көміртегі диоксиді кіреді.

Сабын өндіруде қалада көш бастап тұрған «Шымкентмай» АҚ қалдықсыз өндіріс технологиясын қолданудың арқасында жүзеге асырып отыр. Кәсіпорынның негізі майды қайта өңдеу өнімдері болып табылады. Дәстүрлі кір сабыннан бөлек, құрамында кокос майы бар сабын да шығарады.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкенттегі көкөніс сақтау қоймалары қала аумағында өндірілетін өнімнің 80 пайызын сақтауға қауқарлы[:]

Thu Sep 23 , 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында агроөнеркәсіп кешеніндегі қордаланған проблеманың бірі азық-түлік бағасы мен оны бөліп-таратудың тиімсіздігі деп атап өтті. Сонымен бірге көтерме тарату орталықтарын құру бойынша берілген тапсырманың орындалу жайын айтқан болатын. Бұл міндет Шымкент қаласында қалай жүзеге асырылып келеді. Қалалық […]