Шымкентте көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды

Шымкент қаласында көркем гимнастикадан әйелдер мен жастар арасында ҚР Чемпионаты мен Кубогы өтуде. Бүгін «Көркем гимнастика спорт кешенінде» жарыстың салтанатты түрде ашылу рәсімі ұйымдастырылып, командалар сап түзеді.

Салтанатты жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Әлия Юсупова қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарыста еліміздің барлық өңірінен, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, жалпы 330-дан аса спортшы жекелей және топтық сайыс бойынша бақ сынайды.

Сайыстың бас төрешісі – халықаралық дәрежедегі төреші Наталья Мамашева.

Айта кетсек, бүгінгі таңда қалалық көркем гимнастика спорт мектебінде жаттықтырушы-хореографтар құрамы 400-ден аса балаға оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]«Күміс домбыра» иегері анықталды[:]

Wed Oct 6 , 2021
Шымкент қаласында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай жас ақындар арасында республикалық «Күміс домбыра» айтысы өтті. Елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған бәйгеде жастар жарқырай көрінді. Іс-шараның мақсаты – Тәуелсіздіктің 30 жылдығында жеткен жетістіктерді насихаттау, жас ақындардың ішкі мүмкіндіктерін ашып, шабыттарына қанат бітіру. Төл өнеріміз айтыстың жас буын өкілдері арасында жаңа есімдермен […]