Шымкентте өткен марафонға 2 мыңға жуық адам қатысты

Үшінші мегаполисте жылдың ең ауқымды спорт бәсекесінің бірі де бірегейі – Шымкент марафоны өтті.

Халықаралық сайыс Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту тапсырмасына сай қала әкімдігінің қолдауымен өтуде. Қала тұрғындары мен қонақтары түрлі қашықтықта жүгіруде. Жарысқа қатысушыларға қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов сәттілік тіледі.

– Бүгін Шымкентте үлкен мереке! Спортшыларға барлық қолайлы жағдай жасауға тырыстық. Сіздерге Мұхтархан Ділдәбеков, Біржан Жақыпов секілді Олимпиада қатысушылары қолдау көрсетуге келіп отыр. Және қолдау көрсеткен қала тұрғындарына алғыс айтамыз. Шымкент марафонына қатысушыларға сәттілік тілейміз! Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтеновтың атынан дұғай сәлем! – деді Мақсұт Исахов.

Айта кетейік, дәстүрлі Шымкент марафоны биыл бесінші рет өтуде. Халықаралық жарысты “Royal” және “Қасиет” фитнес-спорт клубтары ұйымдастырып, “Эврика” секілді сауда желілері қолдау көрсетеді. Биылғы сайысқа Қазақстанның түрлі қалаларынан ғана емес, көрші шетелдерден 2000-ға жуық атлет қатысып, олар 5, 10, 21 және 42 шақырымға жүгіруде.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Д.Қонаев даңғылы көлік қозғалысына ашылды[:]

Sun Oct 10 , 2021
Бүгін Д.Қонаев даңғылы көлік қозғалысы ашылды. Қала тынысы үшін маңызды болып табылатын нысанның құрылысы мерзімінен 1 жылға қысқарып, пайдалануға беріліп отыр. Аптаның әр сенбісін құрылыс нысандарын қадағалауға арнаған Мұрат Әйтенов, Рысқұлов-Қонаев жолайрық құрылысының біткен жұмыстарын тағы бір пысықтап өтті. Көлік кептелісі – қала тіршілігінің ырғағы мен экономикасына тікелей әсерін атап […]