Хоккейден республикалық турнир басталды

Шымкент қаласында 11-15 қазан аралығында шайбалы хоккейден 2010 жылы туған жасөспірімдер арасында «Федерация Кубогына» арналған республикалық турнир өтеді.

Бүгін қалалық «Мұз сарайында» жасөспірімдердің бәсекесі бастау алды. Жарысқа Алматы қаласының «Rakhimzhan», «Medvedi», Павлодар қаласының «Ertis», Нұр-Сұлтан қаласының «Brigantina», «Barys», «Astana», Ақтөбе қаласының «Aqtobe», Атырау қаласының «Beibarys» және Шымкент қаласының «Turan» командасы қатысуда.

Бүгін кешкі бағдарламада Шымкент қаласының «Turan» командасы елордалық «Barys» командасына қарсы алғашқы бәсекесін өткізеді.

Жеңімпаз және жүлдегер командалар 15 қазан күні анықталады.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкент қаласында халықаралық «HALAL EXPO 2021» көрмесі өтуде[:]

Tue Oct 12 , 2021
Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында ҚМДБ «Халал Даму» мекемесі және қала әкімдігінің бірлесе ұйымдастыруымен «Halal EXPO-2021» көрмесі басталды. 11-12 қазан аралығына жоспарланған «HALAL EXPO 2021» – отандық және шетелдік кәсіпорындарға өз өнімдері мен қызметін ұсынуға мүмкіндік беретін халал индустриясындағы ең үздік көрме. Халықаралық көрме елімізде, оның ішінде Шымкент қаласында тұңғыш рет […]