Тұрандағы тұрғын үйлер мәселесі оң шешілді

Шымкент қаласындағы Тұран шағын ауданның 192 орамында орналасқан 12 бес қабатты тұрғын үйдің құрылысы 2020 жылы аяқталып, тұрғындар 2021 жылдың наурыз-сәуір айларында қоныстанды.

Тұрғындар қоныстанған кезде халық тұрақты ауыз су, кәріз, электр, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілді. Қала бойынша газ көлемінің тапшылығына байланысты жаңа үйлерді тұрақты қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ. Жобаға сәйкес тұрғын үйлерде автономды жылыту жүйесі қарастырылғандықтан, жалпы қалалық жылу жүйесіне қосу қарастырылмаған. Мұның бәрі жергілікті тұрғындардың наразылығын тудырды.

Жағдайды түсіндіру және әкімдік қабылдаған шаралар туралы ақпараттандыру үшін қала әкімінің орынбасары М.Аймағанбетов көп қабатты үйлердің тұрғындарымен жиналыс өткізді. Кездесу қорытындысына сәйкес “ҚазТрансГаз Аймақ” АҚ мамандары тұрғын үйлерде орнатылған автономды қазандыққа жедел тексеру жүргізді.

Техникалық ақауларды жойғаннан кейін тұрғын үйлер стационарлық газ жүйесіне қосылатын болады және ағымдағы жылдың 25 қазанына дейін тұрғын үйлердің құрылысын жүргізген мердігер компанияға тұрғын үйлердегі тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерімен қамтамасыз етудегі барлық кемшіліктерді түзету тапсырылды.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Тіл туралы заң талаптарының сақталуы - басты назарда[:]

Thu Oct 21 , 2021
Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппараты «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» заң талаптарының сақталуы бойынша құрылған мониторингтік топ жоспарға сәйкес нысандарды аралады. Аталмыш топ мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде орналасқан тіл заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін жарнама өнімдері мен көрнекі ақпарат мәтіндеріндегі қателерге және олардың сауатты орналасуына, халықа сапалы қызмет көрсету тілі […]