Өскеменде Мұқағали Мақатаев туралы көркем фильм түсіріліп жатыр

«Қазақфильм» киностудиясы Өскеменде Мұқағали Мақатев туралы фильм түсіріп жатыр. Бұл ақпаратты Өскемен қаласының әкімдігі растады, деп хабарлайды Adilet.TV «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап.

Дәлірек айтсақ, түсірілім жұмыстары көктемде басталған болатын. Одан кейін Санкт-Петербор, Алматы шаһарларында жалғасты. Қазақ әдебиетінің классигі туралы көркем фильмнің режиссері — Болат Қалымбетов. Оның айтуынша, жаңа кинокартинада ақын өмірінің соңғы жылдары айшықталмақ. Ал Өскеменнің Стаханов, Металлург сынды көшелеріндегі ескі үйлер сол кездерге сай келетін көрінеді. Мамандар күзгі көріністерді түсіріп алу үшін шығыс шаһарына қайта ат басын бұрып отыр.

Осыған байланысты қаладағы трамвайлар уақытша тоқтатылғанын айта кетейік. Тұрғындар үшін аздаған келеңсіздік туындағанымен, көлік компаниясы жолаушыларға жағдайды түсіндіре алды. Рельс 30 минуттан күніне үш рет жабылған екен.

– Қаламызда Мұқағали Мақатаев туралы фильмнің біраз бөлігі түсірілді. Түсірілді дейтініміз, бүгінмен аяқталып отыр. Естеріңізде болса, көктемде де түсірілім жұмыстары жүргізілген еді… Осыған байланысты жол 30 минуттан үш мәрте жабылды. Енді болды. Келеңсіздік қайталанбайды, – деді «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС-ның басшысы Михаил Чайка.

 

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Ел абыройын асқақтатқан Түркістан облысының спортшыларына сый-құрмет көрсетілді[:]

Tue Oct 15 , 2019
Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов халықаралық спорт жарыстарының жүлдегерлері мен олардың бапкерлерімен кездесті. Басқосуға самбодан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, Әлем чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы Әбдісадық Халилаев, Бокстан біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы Алмас Қуатбеков, Дзюдодан жоғары санатты жатықтырушы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мәди Құрымбаев қатысты. Биылғы жылдың […]