Деревянченко Головкинмен екінші рет айқасса, жеңетініне сенімді

Украиналық боксшы Сергей Деревянченко алдағы жоспарлары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Adilet.TV Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Егер украиналық боксшы Геннадий Головкиннен реванш алудың мүмкіндігі болмаса, Сауль Альварес немесе Джермалл Чарломен жекпе-жек өткізуге дайын екенін білдірді.

«Мен реванш өткізгім келеді, дүниежүзі осыны күтіп отырғанына сенімдімін. Бұл Головкиннің соңғы жылдарда өткізген ең мықты айқасы болды. Келесі жекпе-жекте IBF және IBO тұжырымдарының әлем чемпионы бола алатыныма сенемін. Екінші айқасқа сұраныс болады деп ойлаймын, сондықтан менің промоутерлерім мен менеджерлерім оны ұйымдастыруға барын салады», – деді Деревянченко.

Боксшы екінші жоспары да бар екенін жасырмады.

«Егер реванш болмаса, «Канело» Ковалевпен жұдырықтасып болған соң, онымен ұстасып көргім келеді. «Канеломен» жекпе-жек өткізетініме сенемін, өйткені, орта салмақта басқа лайықты ешкім жоқ. Егер «Канело» да жабық болса, Чарломен кездесіп, 160 фунтта шайқастың көкесін көрсетуші едім», – деді украиналық былғары қолғап шебері.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Түркістандық қоғамдық көліктер тағы да жаңарды[:]

Wed Oct 16 , 2019
Түркістан қаласы бойынша «Жолаушы» ЖШС тасымалдаушы мекемесі 270 қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетуде. 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша аталған тасымалдаушы мекеме “Ютонг” маркалы 8,5 метрлік 21 жаңа автобус сатып алған болатын. Ағымдағы жылдың қазан айында тағы 5 жаңа автобус сатып алынды. Жаңа автобустарда кондиционер, электрондық табло, жарнамалық монитор […]