Top.Mail.Ru
Шымкенттің коммуналдық қызметі қыс мезгіліне 95% дайын

Шымкенттің коммуналдық қызметі қыс мезгіліне 95% дайын

Миллион тұрғыны бар Шымкентте көшелерді қардан тазалау жұмыстарын 4 коммуналдық мекеме бірігіп атқарады. Олар 225 көшені ақ ұлпадан тазартып, құм сеуіп, халықтың кедергісіз жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасамақ.

«Инертті материалдар да биыл артығымен алынған», – дейді қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Сұлтанхан Түзелов. Мәселен, қазір қоймада 15 мың текше метр тонна құм бар. 1700 тоннадан астам тұз да алынған. «Оларды мамандар қар жауған алғашқы күннен бастап аялдамалар мен жаяу жүргіншілер жолдарына себеміз», – дейді.

Биыл коммуналдық кәсіпорын қосымша 20 арнайы техника сатып алыпты. Себебі, мегаполисте көшелер саны артқан. Қазір жалпы саны 151 техника қаланы қардан тазалауға дайын. Шаһарда коммуналдық қызмет көрсететін 1197 жұмысшы бар. Олар 3 ауысымда еңбек етеді. Ал техникаларды жанар-жағармаймен қамту қоры 75 мың тоннадан асады.

 

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Жалғас Жұмағұлов Али Багаутиновты жеңді[:]

Mon Oct 21 , 2019
31 жастағы қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов 19 қазанда Сочиде өткен Fight Nights Global 95 турнирінде 34 жастағы ресейлік Али Багаутиновты жеңді, – деп хабарлайды ADILETTV.kz тілшісі. Жұмағұлов аса жеңіл салмақтағы Fight Night Global чемпионы титулын қорғап қалды. Жекпе-жек бес раундқа созылды. Ұрыс қорытындысы бойынша төрешілердің басым бөлігі жеңісті қазақстандыққа берді. Енді […]
Top.Mail.Ru