Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тікелей эфирде баспасөз конференциясын өткізді.

Күн тәртібінен түспеген Арыс мәселесі, облыс статусын алғанына бір жылдан енді асқан өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуы мен алдағы жылдарға жоспары журналистерге кеңінен баяндалды.

Бүгінде 2 миллионнан астам тұрғыны бар өңірдің тыныс-тіршілігі жаңаша қалыпқа еніп, облыс орталығы – Түркістан алып құрылыс алаңына айналды», – деген өңір басшысы құрылыс жұмысы талапқа сай жүріп жатқанын жеткізді.

“Қазір көне шаһарда өңір әкімдіктері, ұлттық компаниялар және бизнес өкілдері тарапынан 26 нысанның құрылысы жүргізілуде. Әкімшілік-іскерлік орталығында облыс әкімдігінің, басқармалар ғимараттары мен Конгресс-холл және Медиа орталықтың, Нұр-Сұлтан алаңы, Қ.А.Яссауи мұражайы, оқушылар сарайы, стадион, музыкалық мектеп пен цифрлық кеңсе, бассейні бар спорт кешені, смарт сити байланыс желілері, олимпиадалық резервтегі спорт мектебі мен қалалық саябақ, туризм бағытындағы колледж және халыққа қызмет көрсету орталығы бой көтеруде. Биыл 11 нысан пайдалануға беріледі деп жоспарланған”, – деді облыс әкімі.

Сонымен қатар, өңірдің тұрғын үй мәселелеріне де ерекше тоқталды. Түркістан қаласында жалпы 2351 пәтерлік 52 тұрғын үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Қараша айында 205 пәтерді құрайтын 7 үйдің құрылысы аяқталады.

Жоспар бойынша қалған 610 пәтерлік 19 үй жыл соңына дейін пайдалануға берілуі тиіс.

Арыс оқиғасында қиыншылықта қалдырмаған барлық өңірдің халқына рахмет айтқан Өмірзақ Шөкеев қаланы қалпына келтіру бағытындағы жұмыстарға да тоқталды.

“Осындай қиын сәтте біз елдігімізді, бірлігімізді көрсете білдік. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаланы жедел қалпына келтіру жөнінде тапсырма берді. Осыған сәйкес, арыстықтарға Үкімет тарапынан да, халық тарапынан да үлкен көмек көрсетілді, көрсетіліп те жатыр. ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің тапсырмасына сәйкес, Арыс қаласын шұғыл түрде қалпына келтіру үшін қала аумағын 17 секторға бөліп, республикалық маңызы бар қала мен облыс әкімдіктері тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілді», – деді Ө.Естайұлы.

Арыс қаласында жалпы 8637 тұрғын үй, оның жүз үші көпқабатты тұрғын үйі бар. Оның ішінде, 7163 тұрғын үй жөнделіп 470 үй қайта салынуда. Арыс қаласының инфрақұрылымы да күрделі жөндеуден өтуде. Қала көшелеріндегі ақауларды жою бойынша атқарылған іс-шаралар аясында жалпы ұзындығы 59,7 шақырымды құрайтын көшелерге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы 68 әлеуметтік нысанның жөндеу және құрылыс жұмысы қолға алынып, 62-сі пайдалануға берілді.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Жеңіл атлетикадан аймақтық біріншілік[:]

Wed Oct 23 , 2019
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс туралы заң тарабының аясында Шымкент қаласының 19 мүгедектерге арналған спорт клубы есту қабілеті нашар спортшылардың арасында жеңіл атлетикадан аймақтық біріншілік өткізді. Жарыста спортшылар 200м, 400м, 1500м жүгіру және ядро лақтыру бойынша күш сынасты. Жеңімпаздар спорт клубының дипломдарымен және медальдарымен марапатталады. Сонымен қатар, аталған жарыс қаланың құрама […]