Top.Mail.Ru
Шымкентте 3 күнде 1 749 рет жол жүру ережесі бұзылған

Шымкентте 3 күнде 1 749 рет жол жүру ережесі бұзылған

Шымкент қаласында жол ережесін бұзу фактілері бойынша жыл басынан бері 200 мыңнан астам хаттама толтырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның 32 мыңы жергілікті Жедел басқару орталығындағы бейнекамералар арқылы анықталды. Осы жылдың 21 қазанынан бастап республика бойынша «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Соңғы 3 күн ішінде 1700-ден астам жол ережесін бұзу жайттары анықталды.

Оның 131-і жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алған. Абырой болғанда қайғылы жағдайлар тіркелмеген. Осыған байланысты жол сақшылары көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді жол қауіпсіздігін сақтауға шақырады.

Мұхтар Орынбеков, жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы: – Жол жүру қағидаларын бұзбауды талап етеміз және көлік құралын басқару кезінде мұқият болуын сұраймыз. Сонымен қатар жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында қазіргі таңда көлік ағыны көп болатын көше қиылыстарында 48 бекет қойылған. Сонымен қатар 147-мектеп алдындағы жаяу жүргіншілерге арналған жолақтарға мектеп инспекторлары кезекшілік етеді.

Қазіргі таңда Шымкент қаласының көше қиылыстарымен тұрғын үйлердің аулаларында жалпы 479 бейнекамера орнатылған. Олардың ішінде айналмайтын 82 болса, айналатыны 397 камера болып есептеледі. Қиылыстарда жалпы 179 камера орнатылған. 151 камера қоғамдық орындарда орнатылған. Айта кетейік, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында автокөлік жолдарында, көше қиылыстарында күнделікті тексеру жұмыстары жүргізіледі. 21 апатты әрі қауіпті тар көшелер анықталып, есепке қойылды. Сондай-ақ 2 көшеге полиция қызметтік көлігінің макетін орнату көзделіп отыр.

Дереккөз: www.24.kz

 

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Полиция департаментінің бастығы тұрғындардың мәселелерін тыңдады[:]

Fri Oct 25 , 2019
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open Space» форматындағы қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков тұрғындарды қабылдады. Қоғамдық қабылдау барысында облыс тұрғындары жеке мәселелері бойынша арыз-шағымдарын айтып, шешілмей жүрген мәселелерін жеткізді.  Сайрам ауданынан келген Тойшыбек Есболатов екі азаматтың ұрып кеткендігі жөнінде шағымданса, Достан Азатбеков […]
Top.Mail.Ru