Білім саласына инвестиция артты

Білім саласына құйылған инвестиция жыл ішінде 3,5 процентке артып, 143,5 миллиард теңгеге жетті. Бұл ел экономикасындағы жалпы инвестицияның 1,7 процентіне тең.

Айта кетейік, өткен жылы білім саласына салынған инвестиция 2017 мен салыстырғанда 27 процентке кеміген болатын. Биыл алғашқы алты айда да құлдыру байқалған. Яғни қаңтар мен маусым арасында оның құны 75 жарым миллиард теңгеден аспады. Алайда соңғы үш айда салаға құйылған қаржы былтырғы көрсеткіштен көбейді. Инвестицияның артуына мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің артуы әсер еткен.

Еліміздің Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетовтың айтуынша, осы жүйе бойынша 558 жоба жүзеге асып жатыр. Оның үстіне мемлекет тарапынан берілетін қаржы сомасы да артты. Тоғыз айда республикалық бюджеттен салаға 53,5 миллиард теңге аударылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14 процентке көп.

 

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Сот Серік Ахметовті шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартты[:]

Fri Oct 25 , 2019
Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық №1 сотының судьясы Манат Жұмақаева үкімді жария етті. “Сот үкім шығарды: Сотталушы Ахметов Серік Нығметұлының өтініші қанағаттандырылмайды”,- деді Манат Жұмақаева. Бұрынғы премьер-министрдің адвокаты Николай Лесниктің хабарлауынша, “Жазаны өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың сот тәжірибесі туралы…” Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысында Серік Ахметовке қатысты шара қолданудың […]