Top.Mail.Ru
Қазақстан Президенті «Алматы – 2050» даму стратегиясымен танысты

Қазақстан Президенті «Алматы – 2050» даму стратегиясымен танысты

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Алматы – 2050» даму стратегиясының жобасын таныстырды.

Аталған бағдарлама бойынша Алматы қаласын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамыту, инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, тұрғындардың тұрмысын жақсарту, қауіпсіз қала қалыптастыру, шаһардың шеткері аймақтарының инфрақұрылымын дамыту және басқа да көптеген маңызды мәселелер атқарылады. Сондай-ақ Алматы агломерациясы аумағының даму барысы да қарастырылған.

Қасым-Жомарт Тоқаев баспана кезегінде тұрған, Балалар үйінің 12 тәрбиеленушісіне пәтер кілттерін табыс етті.

– Баршаңызға жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Баспана мәселесі әрдайым мемлекеттің назарында болады. Еңбектеріңіз табысты болсын! – деді Мемлекет басшысы.

Жалпы Алматы қаласының «Көкқайнар» ықшам ауданында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспанаға мұқтаж осындай 51 адамға тұрғын үй салынып жатыр.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Экология департаменті 9 айды қорытындылады[:]

Tue Oct 29 , 2019
             Түркістан облысы бойынша ағымдағы жылдың 9 айында экология департаментіне жеке және заңды тұлғалардан 81 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 60 – жеке тұлғалардан, 21 – заңды тұлғалардан. Қазіргі таңда 7 өтініш қарауда. Жалпы 74 өтінішке жауап жолданған. Бүгін бұл туралы Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар […]
Top.Mail.Ru