Top.Mail.Ru
Ұлттық төлем жүйелері арқылы минут сайын 5,4 миллиард теңгеден аса ақша өтеді

Ұлттық төлем жүйелері арқылы минут сайын 5,4 миллиард теңгеден аса ақша өтеді

2019 жылғы 9 айда Қазақстан Ұлттық банкінің төлем жүйелері арқылы 597,2 триллион теңге сомаға 30,6 миллион транзакция жүргізілді, – деп хабарлайды ADILETTV.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл ретте күн сайын ұлттық төлем жүйелері арқылы жалпы сомасы 3,3 триллион теңгеге 167,7 мың төлем жүргізіледі, яғни минут сайын операциялық күндері 5,4 миллиард теңгеден аса ақша өтеді.

“Тұтастай алғанда, 2019 жылы Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің (банкаралық ақша аудару жүйесі және банкаралық клиринг жүйесі) жұмыс істеу коэффициенті 99,99 пайызды құрады. Бұл белгіленген нысаналы көрсеткіштерден асады және төлем жүйелері жұмыс істеуінің жоғары тиімділігін сипаттайды“, – деді Ұлттық банктің төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков.

2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанның төлем нарығында барлығы 17 төлем жүйесі жұмыс істейді, оның ішінде операторы Ұлттық Банк болып табылатын ұлттық төлем жүйелері және ақша аударымдары жүйелері және төлем карточкалары жүйелері жататын жеке төлем жүйелері.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте жыл басынан бері қанша полицей пара алған? [:]

Thu Oct 31 , 2019
Шымкентте жыл басынан бері орын алған қылмыстардың саны 10 мыңнан асады. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 13 пайызға төмен. Және қылмыстың ашылу пайызы да 32-ден 35-ке жақсарып отыр. Бұл жөнінде Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов журналистерге берген баспасөз-мәслихатында мәлімдеді, – деп хабарлайды “ADILETTV.KZ”. Сөзіне сенсек, аса ауыр қылмыстардың, ондағы […]
Top.Mail.Ru