Top.Mail.Ru
Шымкентте бір үйдің екі баласы уланып, қайтыс болды

Шымкентте бір үйдің екі баласы уланып, қайтыс болды

Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында тамақтан уланған екі бала қайтыс болды, – деп хабарлайды Adilettv.kz тілшісі қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 қарашада таңғы 10-да жұқпалы аурулар ауруханасына әйел үш баласымен алдын ала “Тамақтан улану” диагнозымен түскен. Кейінірек ауруханада 2015 және 2018 жылдары дүниеге келген балалар қайтыс болған. Отбасы Еңбекші ауданындағы Алдияров көшесіндегі көпқабатты үйде тұрып жатқан.

Әкесінің айтуынша, таңғы төртте олар жедел жәрдем шақырған. Олар келе салысымен отбасы мүшесінің барлығы уланғанын байқап, емдеу шараларына кіріскен. Кейін жағдай ауырлай түскен және 9:37-де қосымша жедел жәрдем шақырылған. Анасымен үш баласын ауруханаға жеткізген.

“1987 жылғы әйел, 2018 жылғы ұлы және 2008 жылғы қызы аурухананың токсикология бөліміне жеткізілген. Сағат 11:00-де 2015 жылғы бала қайтыс болған. Кейінірек 14:00-де 2018 жылғы бала қайтыс болған”, – делінген ТЖД хабарламасында.

Олардың неден қайтыс болғаны тексеріліп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Шымкент қалалық ТЖ департаменті үйді тексеріп шығып, улы газ болмағанын айтты.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті[:]

Tue Nov 5 , 2019
Сапар барысында Елбасы қаланың рухани-мәдени орталығында өткен концертке қатысып, Түркістан облысының тұрғындарымен жүздесті. Сөз барысында Нұрсұлтан Назарбаев облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы шешімінің тарихи маңызына тоқталды. – Тәуелсіздік алғаннан соң Түркістанды астана ретінде қарастырдым. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, жағдай бұған жол бермеді. Бүгін бұл қала облыс орталығына айналды, шаһарды жандандыру […]
Top.Mail.Ru