Тұңғыш Елбасы: Түркістанды астана ретінде қарастырдым

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркістан облысының тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Adilettv.kz тілшісі Елбасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сапар барысында Елбасы қаланың рухани-мәдени орталығында өткен концертке қатысып, Түркістан облысының тұрғындарымен жүздесті. Сөз барысында Нұрсұлтан Назарбаев облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы шешімінің тарихи маңызына тоқталды.

“Тәуелсіздік алғаннан соң Түркістанды астана ретінде қарастырдым. Бірақ, өздеріңіз білетіндей, жағдай бұған жол бермеді. Бүгін бұл қала облыс орталығына айналды, шаһарды жандандыру жұмыстары жүргізілуде. Түркістан – түркі әлемінің бесігі. Бауырлас түркі мемлекеттері де бізге көмектеседі деп сенемін”, – деді Тұңғыш Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті бүкіл қала бойынша жүріп жатқан құрылыс қарқынының жоғары екенін атап өтті.

“Бірінші кезеңде 175 нысанның құрылысы жоспарланған. Оның 102-cі биыл іске қосылады. Бұл процеске еліміздің барлық өңірлері қатысып жатыр”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қала әкімі Цитадельді аралады[:]

Tue Nov 5 , 2019
Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан ескі қалашықтағы “Цитадельге” барып құрылыс барысымен танысты,-деп хабарлады Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Ерлан Қуанышұлы келер жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы екенін тілге тиек етіп, жауапты мамандарға жұмысты қарқынды түрде жандандыруға қатаң тапсырма берді. Айта кетейік, “Цитадель” алдағы уақытта Шымкенттің […]