Top.Mail.Ru
Р. Скляр елордада электр энергиясының сөнуіне байланысты комиссия отырысын өткізді

Р. Скляр елордада электр энергиясының сөнуіне байланысты комиссия отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Нұр-Сұлтанның сол жағалауында электр энергиясының өшіп қалу себептерін анықтау және осы проблеманы шешу үшін алдын-ала шаралар қолдану мақсатында құрылған арнайы комиссияның алғашқы отырысы өтті. 

Отырыс аясында Энергетика министрлігіне жарықтың ажырау себептерін анықтау үшін шұғыл түрде сараптама жүргізу тапсырылды, алдағы уақытта осындай жағдайлар қайталанбауы үшін тиісті тексеріс жүргізу қажеттігі аталып өтті.

Комиссия жұмысы оперативті режимде жалғасуда.

Еске салайық, кеше сол жағалаудағы электр станциясында өрт шығып, төтенше жағдай туындаған болатын. Қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдегендей, өрт сөндірушілердің қауіпсіздігі үшін кейбір тұрғын үй кешендері мен ғимараттарды жарықтан ажыратуға мәжбүр болған. Соның салдарынан халыққа қызмет көрсету орталықтары мен eGov порталы және «Қазпошта» қызметтерінде уақытша кедергілер туындауы мүмкін екендігі хабарланған.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Түркістан облысында бірқатар лауазымды тұлға сотталды[:]

Mon Nov 11 , 2019
Оңтүстік Қазақстан ІІД тіркеу-емтихандық бөлімі бұрынғы бастығы А.Жаппаровқа, мемлекеттік жол инспекторлары бағынатын үш аймақтық және бір қалалық бөлім деңгейдегі ТЕБ басшыларына, ОҚО ІІД криминалистеріне, сондай-ақ делдалдарға (азаматтық тұлғалар) қатысты бірқатар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталды. Оған мынада қылмыстар бойынша айып тағылды: […]
Top.Mail.Ru