Top.Mail.Ru
Жетінші сынып оқушысының зорлануы: Тоқаев Тараз әкімін қызметінен босатуды тапсырды

Жетінші сынып оқушысының зорлануы: Тоқаев Тараз әкімін қызметінен босатуды тапсырды

Жетінші сынып оқушысының зорлануынан кейін Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қызметінен босатуды тапсырды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.   “Жамбыл облысының әкіміне Тараздағы 12 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен оқыс оқиғаға байланысты және жұмысында жүйелі кемшіліктер жібергені үшін Тараз қаласының әкімін қызметінен босатуды тапсырдым. Облыс әкіміне ескерту жасадым”, – деп жазды Тоқаев Twitter желісінде.

Әкім қызметіне Досаев биыл сәуір айында кіріскен еді. Оның алдында шенеунік 2017 жылдың наурызынан бастап Жамбыл облысы Шу ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келген еді.

Еске салайық, 18 қарашада 12 жастағы қыз мектептің әжетханасында зорланғаны белгілі болды. Оқиға жағдай әжетханада болған. Ата-аналардың айтуынша, мұнда кім көрінген келіп-кетеді екен. Себебі мектептің сол қапталында ішке кіретін есік бар. Күдікті де сол жолмен келіп, қызға жәбір көрсеткен дейді.

Артынша бұл жағдайдан кейін директор, директордың орынбасары, мұғалім және вахтер қызметтерінен босатылды. Ал бүгін облыстық Білім басқармасының басшысы біріншіден педагог, екіншіден өзінің моральдық тұрғыда жауапкершілігін сезіне отырып, өз еркімен өтініш беріп жұмыстан кеткені белгілі болды.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қазақстанда былтырдан бері өндірістік жарақат салдарынан 332 адам мерт болған [:]

Fri Nov 22 , 2019
Қазақстанда былтырдан бері өндірістік жарақат салдарынан 332 адам мерт болған. Мұндай қорқынышты статистиканы еліміздің Кәсіподақтар федерациясы беріп отыр. Мамандардың айтуынша, көз жұмғандардың дені тек қауіпті өндірістік ошақтарда емес. Анықталғаны, бюджеттік ұйымдарда да қауіпсіздік қағидалары дұрыс сақталмай келеді. Бетін жасыруын өтінген азамат биыл жазда жездесінен айырылған. Марқұм туысы Алматы қаласындағы құрылыстардың […]
Top.Mail.Ru