Алматы әуежайын көшіру ұсынылды

“Алматы-2050” даму стратегиясын дайындаушылар әуежайды көшіруді ұсынды, – деп хабарлайды Adilettv.kz тілшісі.

Құжат бойынша, Алматыны дамытуға арналған алты аймақ пайда болады. Осылайша, халықаралық сарапшылар өндірістік кәсіпорындар мен халықаралық әуежайды қала сыртына көшіруді ұсынып отыр.

“Кейбір аумақтарда бірқабатты ғимараттар толып тұр, солардың барлығын сүріп тастауға болады. Мұның барлығы стратегия аясындағы Бас жоспарда қосымша дайындалады. Барлығы есептеледі. Келесі жылы дайын болады”, –  деді Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Нұртас Қайыров.

“Downtown Алматы теміржол вокзалынан төмен жақта орналасады. Қаланың төмен бөлігінде орналасқан аудандарды дамытамыз. Қала кеңеймейді, ондай жоспарда жоқ. 2040 жылға қарай әуежайды қала сыртына ауыстырып, ал әуежай орналасқан жерге кеңсе орындарын немесе тұрғын үйлер салу жоспарланып отыр,” – деді “Алматы қаласын дамыту орталығы” АҚ басқарма директоры Айдос Жексенбай.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Қостанайда қоқыс контейнерінен сәби табылды[:]

Sat Nov 23 , 2019
Бұл туралы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Полицияның деректеріне сүйенсек, 23 қарашада жергілікті тұрғын 102 нөміріне қоңырау шалып, Әуежай шағын ауданындағы қоқыс контейнерлерінің бірінен нәресте тауып алғанын хабарлаған. Көрсетілген мекенжайға мүдделі ұйымдар мен Полиция департаментінің қызметкерлері жеткен. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баланың анасын табу, сондай-ақ оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін шұғыл іздестіру […]