Top.Mail.Ru
Шымкенттің қоғамдық көліктерінде электронды билеттерді енгізу мәселесі қарастырылып жатыр

Шымкенттің қоғамдық көліктерінде электронды билеттерді енгізу мәселесі қарастырылып жатыр

Шымкенттің қоғамдық көліктерінде жолақы төлемі мәселесінде «Shymkent» ӘКК» АҚ тарапынан автоматизацияға көшу ісі қарастырылып жатыр. Электронды билеттерді енгізу, автобустарға берілетін субсидия мәселесі алдағы 6 ай уақыт ішінде толыққанды зерделеніп, нақты шаралар кешені белгіленетін болады. Бұл туралы «Shymkent» ӘКК» АҚ-ның басқарма төрағасы Әбілсейіт Рабаев «Айғақ» телеарнасына берген сұхбатында айтып берді деп хабарлайды Adilet.TV тілшісі «Айғақ-Ақпарат» сайтына сілтеме жасап.

Мұнан өзге, «Shymkent bus» компаниясы төңірегінде туындаған мәселелер аз уақыттың ішінде өз шешімін тапты. Қала әкімі Ерлан Айтаханов назарына алған жүргізушілердің жалақысына қатысты проблема оңтайлы жүзеге асты. Жыл басында «БРК лизинг» АҚ арқылы әкелінуі тиіс қоғамдық көліктердің 276-ы мегаполиске жеткізілген. Бүгінде 175 автобус қала төңірегінде өз міндетін атқарып жатыр. «Shymkent» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы Әбілсейіт Рабаев бұл салада проблемалық мәселелердің жеткілікті екендігін айтып отыр. Құжаттардың уақытында дұрыс рәсімделмеуіне байланысты қызметкерлердің жалақысына қатысты мәселе туындаған. Қазіргі таңда бұл жұмыстар бойынша тиісті тексерулер мен арнайы шаралар қолға алынған. Айта кетейік, «Shymkent bus» компаниясының 42 пайыз үлесі — «Shymkent» ӘКК» АҚ-ның меншігінде болса, қалған 58 пайызы — кәсіпкерлердің үлесінде. Сондықтан да, аталмыш қоғамдық көліктерді жүргізу мәселесі — бизнеске кіріскен кәсіпкерлердің тікелей жауапкершілігінде. Ал, 101 автобустың маршрутқа жіберілуі өз кезегінде қарастырылып жатыр.

Естеріңізге салайық, 19 маусым қала күніне орай Шымкентте жаңа «Shymkent Bus» автобус паркі ашылды. Мұнда жанармай бекеті, сервистік орталық, автожуу қызметінен бөлек, қызметкерлер үшін жатақхана, медпункт және жүргізушілерге арналған асхана да қарастырылған болатын. Жобаның операторы болып «Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ анықталып, ал әріптестері болып «БРК-Лизинг» АҚ мен «СарыарқаАвтоПром» АҚ белгіленді. Осыған дейін хабарланғандай қаладағы автобустарды жаңалау үшін аталған парк жыл соңына дейін жаңа 1000 автобуспен толықтырылатыны туралы айтылған болатын. Қазақстанда құрастырылған жаңа автобустар салқындатқыштармен, пандустармен, бейнекамералармен, жолаушылар ағынының датчиктерімен, GPS-трекерлермен жабдықталған. Автобустың жалпы сыйымдылығы 56 адам.

Саладағы қордаланған проблемаларды шешу үшін бұл бағыттағы басқару моделін өзгертуге Әбілсейіт Рабаевтың жолаушылар көлігі саласында қарым-қабілеті жеткілікті және мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы «Open space» форматына көшеді[:]

Wed Aug 28 , 2019
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы партия Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмаларын орындау мақсатында өз құзіретінде облыс көлемінде шешімін таппаған өзекті мәселелерді шешуге атсалысады. Бұл туралы бүгін Түркістанда өткен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының Саяси кеңес мәжілісінде партия филиалы Төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді. Партияның 7 бағыты бойынша жұмыс жүргізуді […]
Top.Mail.Ru