Top.Mail.Ru
Ескі қалашық – басты туристік орындардың бірі болмақ

Ескі қалашық – басты туристік орындардың бірі болмақ

Шымкент қаласындағы қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқан ескі қалашықтан үңгірлер табылды. Бұл туралы археологтар ескі қалашықтың жұмыс барысын арнайы көруге барған қала әкімі Ерлан Айтахановқа айтты.

Әдеттегідей, сенбі күні шаһар басшысы Ерлан Қуанышұлы қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан ескі қалашықтағы Цитадельге барды.

Мұнда археологиялық қазба жұмыстары жалғасуда. Нәтижесінде XVIII­-XIX ғасырларға тиісті құнды деректер табылуда. Қалашықтан табылған жәдігерлер аспан асты мұражайына орналастырылады.

Жұмыс сапары барысында Erlan Aitakhanov жауапты тұлғаларға жұмысты қарқынды түрде жүргізіп, өз уақытында аяқтау керегін айтты.

Қайырымды қалада бой көтергелі тұрған Цитадель Шымкенттің негізгі туристік орны болады деп күтілуде. Онда амфитеатр, ежелгі мұражай мен галереялар бой көтеріп, қаланың көркіне айналады.

Айта кетейік, Цитадель қалашығы болашақта туристер мен қала тұрғындарының ең қызықты нысандардың біріне айналуы тиіс болғандықтан 2020 жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы атанатынын ескерсек, аталған нысандағы археологиялық қазба жұмыстарының өте қарқынды түрде жүргізілуі заңды. Жерасты қаласын аршыған археолог-ғалымдарымыз көптеген тарихи жәдігерлер табуда. Келер жылы болатын айтулы іс-шараларға қазірден бастап сақадай сай деген ойдамыз.

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ[:]

Tue Nov 26 , 2019
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты бірінші Жолдауын жариялағаны баршамызға белгілі. Жолдауда көтерілген мәселелер қоғамдық өмірдің түрлі салаларын қамтиды. Атқарылатын жұмыстардың барлығы бес институционалдық реформа және Ұлт жоспарын жүзеге асырумен байланысты екендігі негізделеді. Жолдау қағидаларын іске асыру үшін бес […]
Top.Mail.Ru