Бағдарламаның шарапаты

Шымкентте жыл басынан (10 айда) тұрақты, уақытша және жаңа жұмыс орындарына 23 974 адам жолданған. Мәселен, әлеуметтік жұмыс орындарымен жоспар бойынша 500 адам қамтылу керек болса, 10 айда 480 адамға жолдама берілген.

Оның ішінде 202-сі жастар санатындағы азаматтар. Сондай-ақ, қоғамдық жұмыстарға бір жылдың ішінде 2500 адамды жолдау жоспарланса, қазіргі таңға 2246 азамат қамтылған. Олардың 1304-і жұмыссыз жастар. Аталған шаралардың барлығы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021  жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасының  үшінші бағыты негізінде жүзеге асырылған.

Айта кетейік, «Еңбек» бағдарламасының жастарға да берері көп. Орта арнаулы, жоғары оқу бітіргеніне үш жылдан аспаған, бірақ  өз мамандығы бойынша тәжірибесі жоқ жастар меншік түріне қарамастан, кез келген мекемеде жарты жылдық тәжірибеден өте алады. Оған алты ай бойы 25 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 63 мың теңге жалақы төленеді. Кейін сол жерге жұмысқа қабылдану мүмкіндігі бар. Нәтижелі жұмыспен қамтудың және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты —  еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар санын арттыру, ауылда және қалада шағын несиелер беру арқылы азаматтардың өзін-өзі жұмыспен қамтуын ынталандыру. Бұл елдегі жұмыссыздық санын азайтып, кәсіпкерлік саласының дамуына жол ашады. 

 

 

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты Шымкентте басталды[:]

Wed Nov 27 , 2019
Шымкентте конькимен мәнерлеп сырғанаушылар бас қосты. Мұз сарайында салтанатты түрде ел чемпионатының ашылу рәсімі өтті. Ал, қатысушылар өз бақтарын сынауды бастап кетті. Турнир спортшылардың жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына жол ашады. 4 күн ішінде мұз айдынында мықты деген жеңімпаздар анықталады. Байрақты бәсекеге елдің 10 аймағы, атап айтқанда, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан […]