«Әділет кеңес береді» акциясы өтті

Билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қазіргі геосаяси ахуалға бейімделген үйлесімді мемлекет қалыптастыруға болады. Сондықтан азаматтық қоғамға қолдау көрсетіп, оның әлеуетін нығайта түсу керек. Сондай-ақ, аса маңызды жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін талқылау жұмыстарына азаматтық қоғамның мүмкіндіктерін кеңінен қолдану қажеттігіне көз жеткізілді.

Жолдауда маңыздылардың бірі, ол халықпен тиімді кері байланыс орнату қажеттігі де аталып өтілген болатын.

Осыған орай, қала тұрғындарының құқықтық сауатын арттырып, азаматтарға тегін кеңес беру мақсатында ағымдағы жылдың 27 қараша күні Шымкент қаласының Әділет департаменті, жеке нотариустар, адвокаттардың, мемлекеттік сот орындаушылардың қатысуымен «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді.

Акция барысында жылжымайтын мүлікті тіркеу, заңды тұлғаны тіркеу және қайта тіркеу, өзгертулер мен толықтыруларды тіркеу, нотариустар мен адвокаттарға сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді. Сондай-ақ, тұрғындардың әділет органы құзырына кіретін мәселелер бойынша басқа да сауалдарға жауаптар берілді.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]«Бақытты отбасы» жобасының берері көп[:]

Wed Nov 27 , 2019
Ендігі жерде бала күтімімен үйде отырған әйелдер де көлденең табыс таба алады. Тіпті қолынан іс келмесе қосымша оқып алуына болады. «Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында кәсіп ашуға ниетті мүмкіндігі шектеулі және көпбалалы аналарға тұрмыстық техника табыс етті. Мақсат – іскер арулардың жаңа бизнес идеяларын жүзеге […]