Top.Mail.Ru
Еңбегіне қарай – құрмет!

Еңбегіне қарай – құрмет!

Шымкент қаласының тұрғыны Муталхан Байырбеков ағымдағы жылдың қыркүйек айында Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, сол айда “Жас кәсіпкер” жобасымен оқуға жолдама алған. Бір айлық оқуын тәмамдап, Мемлекеттік 505 мың теңге грантына құжат өткізіп, бизнес жоспарын сәтті қорғап шыққан ол грантқа қол жеткізген. Алған қаражатына ағаш өңдеуге арналған жабдық сатып алып, домбыра шығару ісін жандандырып отыр.

Муталханның шағын цехында қазірге екі адам жұмыспен қамтылып, олар айына 30-40 дана домбыра жасап шығаруда. “Дайын өнімге сұраныс көп. Домбыраға негізінен жеке тұлғалар, түрлі мекемелер мен өнер адамдары тапсырыс беріп жатыр”,- дейді грант иегері.

Айта кету керек, Муталхан 2007 жылы Өзбекстаннан көшіп келген. Ол алдағы уақытта шеберханасын кеңейтіп, тағы да 5-6 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. “Маған 5-6 азамат керек. Домбыра жасауды үйретемін. Қосымша айына 50-60 мың теңге айлығын төлеп отырамын. Үйреніп алған соң жалақысын 80-90 мың, тіпті 100 мың теңгеге дейін көтеруге дайынмын”, – дейді Муталхан.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Пайдалы көмек болмаса, пайдалы жоба жасалмайды![:]

Fri Dec 6 , 2019
Шымкент қаласының тұрғыны Бекмұрат Оңалбай Халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркеліп, Жұмыспен қамту орталығының жолдауымен “Атамекен” ҰКП -ның “Бастау бизнес” жобасы бойынша 21 күндік оқуын тәмамдаған. Өзінің бизнес жобасын сәтті қорғап, 505 мың теңге мемлекеттік грантты жеңіп алған ол онлайн билет сатуды жүзеге асыратын easybus.kz интернет порталын іске қосқан. […]
Top.Mail.Ru