Қайырымдылық шаралары жүйелі атқарылуда

Баршамызға белгілі сәуір айынан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түрі бойынша аз қамтылған отбасылар әлеуметтік көмекке өтінім берген болатын. Біздің ауданымыз  бойынша қазіргі таңға дейін атаулы әлеуметтік көмекке үміткер 10168 отбасының 8973 отбасы мұқтаж, 1190 отбасы мұқтаж емес деп танылды. Ағымдағы жылдың 27 тамызынан бастап атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алған отбасыларды анықтау бойынша аудан әкімдігі тарапынан жұмыс тобы құрылып, шартты ақшалай көмек алған отбасыларға қайта тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 579 отбасы өздерінің  табысын жасырғаны анықталды. Қазіргі уақытта 579 отбасыға тағайындалған 306 млн. теңге көлеміндегі төлемдер толық тоқтатылып отыр.

Бұдан бөлек ауданымызда қайырымдылық акциялары жиі өтіп тұрады. Ауданымыздың әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасыларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қайырымдылық іс-шаралары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Ауданымыздың кәсіпкерлері мен депутаттарының демеушілігімен аз қамтылған көп- балалы 800 (қаржысы — 19 млн. теңге)  отбасыға әртүрлі әлеуметтік көмектер көрсетілді. Халықаралық Балалар күні мерекесіне орай аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі 200 балаға зоосаябақта, циркте, «Sport Villa» ойын-сауық кешенінде әртүрлі ойындар ұйымдастырылып, мерекелік дастарқан жайылды. Сонымен қатар  «Мектепке жол» акциясы аясында 600 балаға (қаржысы — 13 млн. теңге) мектеп құрал-жабдықтары сөмкесімен табысталып және «Fanky town» ойын алаңында балалардың көңіл көтеруіне жағдай жасалды. «Гипер Хаус» сауда үйі және «Гауһар тас» тігін фабрикасының демеушілігімен 30 балаға мектеп формасы табысталды.

Қарттар күні қарсаңында аудан аумағындағы кәсіпкерлердің демеушілігімен 50 ардагерге мерекелік дастарқан  жайылып, концерттік іс-шара ұйымдастырылды.

            1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында ауданның аз қамтылған 17 отбасыға және тоғыз  ардагерге азық-түлікпен және қаржылай көмек көрсетілді.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға жәрдемақы, табысы аз отбасыларға берілетін атаулы әлеуметтік көмек беру бойынша мемлекеттік көмектің жаңа түрін түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Көпбалалы отбасылар, төрт  және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі студенттері бар отбасылардың табысына қарамастан төрт баласы барларға – 42500 тг, бес  балалыларға – 52125 тг. Алты балалыларға  – 63750 тг., жеті  балалыларға  – 73375 тг жәрдемақы төленуде.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]ШЫМКЕНТТЕ бірнеше ойын алаңшасы ел игілігіне берілді[:]

Mon Dec 9 , 2019
Еліміздің Тәуелсіздігінің 28 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласында жаңа бірнеше ойын алаңшалары ел игіліне тапсырылды. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Салтанатты ашылуға арнайы қатысқан қала әкімі Ерлан Айтаханов тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады. «Шымкент қаласы күннен күнге көркейіп, абаттанып келеді. Алдағы уақытта да сүйікті қаламыз одан әрі гүлденетін болады. […]