Президент Жолдауына, Шымкент қаласының тыныс-тіршілігіне байланысты қоғамдық пікір

Жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  “Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның  тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі”  атты  алғашқы  халыққа жолдаған  Жолдауы халықтың болашаққа деген сенімін нығайта түсері сөзсіз. Ең бас­тысы, халық  Мем­­­лекет басшы­сының қолдауын сезініп отыр және Жолдауда айтылған барлық бастамаларын бірауыздан қолдайды. Президент Жолдауы негізгі бағдарла­­­­малық құжат ретінде еліміздің даму келе­­­шегіне бағыт-бағдар беріп, барша Қазақ­стан жұртын ел келешегінің дамуы­на жұмылдыруға бағытталып отыр. Осы орайда Президент елдің әлеуметтік жағ­дайын көтерудегі тиісті мекемелердің жа­уап­кершілігін нақты дәлелдермен көр­сетіп берді. Шымкент қаласы күн сайын құлпырып, көркейіп келеді. Еліміздегі республикалық маңызы бар үшінші ірі қала, яғни мегаполис мәртебесін алғалы қаланың әл-ауқаты да жылдан-жылға артып, жақсарып келеді.  Мұндағы оң өзгерістерді көріп, біліп жүрміз. Осы тұрғыда Мемлекет басшысы мен қала әкіміне  ризашылығымды  білдіремін! Бейбіт елде, көрікті шаһарда уайым-қайғысыз ғұмыр кешуіміз – біздің баға жетпес бағымыз. Осылай еліміз аман, заманымыз тыныш болсын! 

Түймегүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,

Шымкент қаласының тұрғыны, 3 баланың анасы.

 

Жолдаудан Қазақстан халқы үлкен үміт, жақсылыққа ұмтылыс, жаңалық күтіп үйренгені де рас. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтеруге бағытталған биылғы Жолдау өзгеше пішінде өтуімен ел назарын аударды. Президентіміздің Жолдауы негізінен халықтың  тұрмыс сапасын жақсартуға арналды. Республикалық мәртебеге ие болу бір жағынан абырой. Екінші жағынан қала басшылығы мен тұрғындарына үлкен жауапкершілік жүктейді. Біздің қаламыздың тұрғындары өз мәдениетімен, қонақжайлылығымен басқа қала тұрғындарына үлгі болып келеді. Бұл үшін қыруар жұмыстар жүргізілуде. Жемқорлықтың алдын алуда да бірқатар нәтижелерге қол жеткізіп жатырмыз. Елбасының биылғы Жолдауы өзіме осындай тұстарымен ұнады. Биылғы Жолдау халықтың көңіл пернесін дөп басқан Жолдау болды. Шымкент қаласы бұдан да өсіп, өркендей береді деген сеніміміз мол.

Нұрғали АЙНАБЕКОВ, 

Шымкент қаласының тұрғыны.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Шымкентте салық төлеуден жалтарғандарға жаңа әдіс қолдана бастады[:]

Mon Dec 9 , 2019
Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеуден жалтарғандарға жаңа әдіс қолдана бастады. Құзырлы мекеме жол Полициясы және жеке #сот_орындаушылары өңірлік палатасымен бірге рейд ұйымдастырды. Рейдтік іс-шара барысында салық төлеуден жалтармақ болған азаматтардың көлігі тоқтатылады және олар міндетті қарызынан құтылғанға дейін көлігі ақылы айыптұрағын “паналайды”. Яғни, салықтан қарыз адам уақытша көлік жүргізу құқығынан айрылады. Қазіргі […]