Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің керуені Нұр-Сұлтан қаласына аттанды

ҚР Конституция күніне орай, ағымдағы жылдың 31 тамыз және 1 қырқүйек күндері аралығында Нұр-Сұлтан қаласында тұрақты дәстүрге айналған Түркістан облысы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді. Осыған байланысты бүгін түркістандық өнімдердің керуені жолға шықты.

Жәрмеңкеге 40-қа жуық тауар өндіруші 275 тонна ауыл шаруашылығы өнімдерін халыққа ұсынады. Атап айтқанда, ет және ет өнімдерінен – 52 тонна, көкөніс – 86 тонна, картоп – 11 тонна, сүт өнімдері – 23 тонна, бақша дақылдары – 48 тонна, жеміс-жидек – 21 тонна, балық – 5 тонна, әсел — 4 тонна және 25 тонна өзге де ауыл шаруашылығыны өнімдері бар. Олардың жалпы құны 123 млн. 545 мың теңгені құрайды. Отандық өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына базар нарқынан 10-15 пайызға төмен бағада сатылымға түсетін болады.
Сондай ақ, «Қазақстанда жасалған» жобасы аясында Жетісай ауданынан «Улугбек» ЖК аяқ киім өнімдерін, Төлеби ауданы «Ленгер Текстиль» ЖШС-і арнайы жұмыс киімдерін, Сайрам ауданы «Алтын адам» ЖШС-і ерлер костюмдері мен мектеп киімдерін қала тұрғындарына қол жетімді бағада ұсынады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:ru]Глава государства провел ряд встреч с членами Национального совета общественного доверия [:kz]Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізді [:]

Wed Aug 28 , 2019
Белгілі қоғам қайраткері, публицист Сейдахмет Құттықадаммен әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жұмысының өзекті аспектілері, аталған диалог алаңының еліміздің әлеуметтік-саяси өміріндегі рөлі талқыланды. Сонымен қатар, кездесуде қазіргі ішкі саяси ахуал және Орталық Азиядағы өңірлік үдерістер жөнінде сөз болды. Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Асылбек Қожахметовпен өткен кездесуде […]