Top.Mail.Ru
Ынтымақтастық. Татулық. Достық.

Ынтымақтастық. Татулық. Достық.

Дәл осы тақырып М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да өткен іс-шараға арқау болды. Қазақстан Респбликасының Өзбекстандағы жылы аясында және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесі қарсаңында ұйымдастырлып отырған кездесудің өзіндік ерекшелігі бар. Мерекеге орай, Шымкент қалалық Өзбек Драма театры университетке арнайы келіп, концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Іс-шараға жоғары мектеп, факультеттерден тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, топ тәлімгерлері мен шетел студенттері қатысты. Естеріңізге сала кетейік, бүгінде күндізгі бөлімнің өзінде 2500 өзбекстандық бауырларымыз университетте білім алуда. Осыған орай, өзбек ұлтының салт-дәстүрлері мен өнерін насихаттау мақсатында театр ұжымын арнайы шақырған болатынбыз. Шымкент қалалық Сайрам ауданында орналасқан Өзбек Драма театры 2003 жылдан бастап халыққа қызмет етуде. 2003 жылы ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Назарбаев Шымкент қаласына іс-сапармен келген уақытта, дәл осы театрдың ашылу салтанатына қатысып, лентасын қиған. Міне, сол уақыттан бері театр біршама белестерді бағындырды.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дың Шетел университеттерімен жұмыс жүргізу Департаменті директорының міндетін атқарушы Гауһарбек Тілеуқұлов Өзбек Драма театрының ұжымына Университет ректоры Дария Қожамжарованың атынан «Алғыс хат» табыстады. Шымкент қалалық Өзбек Драма театрының диреткоры Икрам Хашимжановтың айтуынша: «Шетел студенттерімен кездесу аса маңызды. Өйткені, Қазақстанда түбі бір түркілес, әрі шекаралас елдің ұлттық құндылықтарын насихаттау мақсатында құрылғанбыз. Көптеген жетістікке қол жеткізіп, бірнеше рет Ташкент қаласына қойылымдарымызды ұсынып жатырмыз. Бірлігі бекем қос мемлекеттің достығын айшықтауға тырысудамыз. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстанның Тәуелсіздігіне биыл 28 жыл толып отыр. Жас мемлекеттің бұл қуанышымен баршаңызды құттықтаймыз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»,- деп ыстық лебізін жеткізді.

Айта кетейік, Өзбек драма театрында отандық туындылардан бөлек, шетелдік классиканың үздік шығармалары сахналанып жүр. Бүгінгі таңда театр сахнасынан “Темір қатын”, “Сиқырлы алмалар”, “Қашан таң атады”, “Кураж ана”, “Келіндер көтерілісі”, “Күшік күйеу”, “Қырмызы алма”, “Инабатты келіншек”, “Улы тамшылар”, “Өмір соңындағы бақыт”, “Үйлену”, “Зордан зор шықса” және т.б. қойылымдарды көруге болады.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Адалдық ешкімді алдамайды[:]

Thu Dec 12 , 2019
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықтың ұлттық қауіпсіздік пен мемлекеттің болашағына нұқсан келтіретінін атап өтіп, бұл дертпен бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, бірлесіп күресуге шақырды. Азаматтарда сыбайлас жем­қорлыққа қарсы мәдениет пен бе­­рік иммунитетті қалыптас­тыр­майынша, оң  нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Ең әуелі сыбайлас жемқорлықтың салдарымен күресу емес, оның алдын алудың жолын […]
Top.Mail.Ru