ШҚО-да прокурорлар кәсіпкерден 50 миллион теңге бопсалаған

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері прокуратура қызметкерлерінің заңсыз әрекетін тоқтатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды  комитеттің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, ҰҚК Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаментімен бірлесіп, прокуратураның лауазымды адамдарының жеке кәсіпкерден аса ірі мөлшерде ақшалай қаражатты қорқытып алумен байланысты әрекетінің жолын кесті.

“2019 жылғы 10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында кәсіпкерден 50 миллион теңге мөлшеріндегі ақшалай қаражатты алу кезінде ҚР Бас көлік прокуратурасы Қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры Құтанов Әлжаппар Мағауияұлы және ШҚО прокуратурасы Қоғам мүдделерін қорғау басқармасы бастығының орынбасары Рамазанов Айдос Асұланұлы қылмыс үстінде ұсталды”, – делінген ҰҚК хабарламасында. Комитеттің мәліметінше, ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (“Қорқытып алушылық”) бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы Тәуелсіздік күніне салтанатты шара өтті[:]

Sat Dec 14 , 2019
Шымкент қаласы және Түркістан облысының  Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай  мерекелік салтанатты  шара өтті. Қоғам тыныштығын сақтап, құқықбұзушылықтың алдын алуда қырағылық танытып жүрген тәртіп сақшыларының еңбегі қашан да елеулі. Мемлекеттік мерекенің қазақстандықтар үшін маңыздылығын ескере отырып, бұл шара мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлерінің Отанымызға […]