Top.Mail.Ru
Шымкентте әлемге әйгілі RAMADA желісіндегі қонақ үй кешені жұмысын бастады

Шымкентте әлемге әйгілі RAMADA желісіндегі қонақ үй кешені жұмысын бастады

Төрт жұлдызды халықаралық премиум-классты қонақ үйдің ашылу салтанатына арнайы қатысқан қала басшысы инвесторларды және құрылысқа қатысқан барлық азаматтарды жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар, әкім қонақ үйдің шаһарымызда бой көтеруі қала инфрақұрылымына салынған зор инвестиция екенін атап өтті.

«Бүгінгі таңда қонақ жайлық индустриясы экономикамыздың дамуының әлеуетті және болашағы зор салалардың бірі болып танылып отыр. Қонақ үй бизнесі туризмнің маңызды құраушысы ретінде жүреді. Бүгінде мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті дамыту бойынша көптеген қолдаулар көрсетілуде. Кәсіпкерге осы істі дамыту үшін “Даму” қорынан қаржылай көмек берілгенін де айтқым келеді», – деді Ерлан Қуанышұлы.

Сондай-ақ, 2200 жылдық тарихы бар көне шаһарға 2020 жылы ТМД елдерінің мәдени астанасы жылының өтуіне орай туристер көптеп келетінін айтқан қала басшысы туристік инфрақұрылымды барынша жақсартуды атап өтті.

Яғни, әкім шетелдік қонақтарды жоғары деңгейде күтіп алу үшін өңірдегі әуежай және темір жол желілерінде сапалы қызметтер көрсетілуін, бұл тұрғыда қонақ үйлердің де деңгейі жоғары болуы үлкен мәнге ие екенін айтты.

Әлемдік желідегі Ramada қонақ үйі Алматы қаласынан кейін Шымкентте салынып отыр. Инвестор қонақ үйді жергілікті биліктің көмек-қолдауымен екі жыл ішінде салып бітірген.

Барлық талаптарға сай келетін қонақ үйде 89 бөлме болса, оның бесеуі VIP нөмірлер. Одан бөлек, мұнда SPA салоны, фитнес клуб, массаж, бильярд, 2 мейрамхана, караоке бар және түнгі клуб орналасқан.

Айта кетейік, аталған франшизамен әлемнің 63 елінде 800 қонақ үй бар.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Ерлігі үшін медалімен 3 полицей мен ерлікпен қаза болғандар марапатталды[:]

Wed Dec 18 , 2019
ҚР Президентінің Жарлығымен Түркістанда 3 полицейдің кеудесіне медаль тағылып, қызмет бабында қаза болғандар да наградталды ҚР Тәуелсіздік күніне арналған полицейлердің кең ауқымды мерекелік іс-шарасы киелі өңірде Мәдениет үйінің төрінде өтті. Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлеріне Тәуелсіздік мерекесіне орай түрлі дәрежедегі алғыс хаттар мен дипломдар табысталды. Жалпы марапаттың қай-қайсысы болмасын, барлығы […]
Top.Mail.Ru