Top.Mail.Ru
Түркістан облысында Президент шыршасы өтті

Түркістан облысында Президент шыршасы өтті

Жаңажылдық думанға облыстың әр түпкірінен келген 200-ден астам бала қатысты. Олардың барлығы да – оқу озаттары, шығармашылық пен спорт саласында жетістікке жеткен дарынды бүлдіршіндер, жетімдер үйінің тәрбиеленушілері, мүмкіндігі шектеулі, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан үздік оқушылар.

Президент шыршасына жиналған балаларға концерттік бағдарлама даярланып, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев құттықтау тілегін жеткізді.

«Қымбатты балалар, бүгін өңіріміздегі өнегелі бүлдіршіндер Президент шыршасының айналасына жиналды. Жаңа жыл, ең алдымен, балаларға қуаныш сыйлайтын ғажайыпқа толы мереке. Сіздердің жан-жақты дамыған білімді, парасатты, тұлға ретінде қалыптасып, жетілулеріңіз үшін мемлекетіміз барлық мүмкіндіктер жасап келеді және жасай беретін болады. Сіздер осындай ерекше елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыздар. Баршаңызға мықты денсаулық тілеймін. Жаңа жыл тек жақсылық әкелсін!», – деді Өмірзақ Шөкеев.

Президент шыршасына қатысқан әр бала облыс басшысының қолынан ноутбук, қыстық киімдер мен тәтті сыйлықтар алып, Аяз атаның қоржынынан дәм татып, мәре-сәре болды.

Сондай-ақ, облыс әкімі Өмірзақ Естайұлымен бірге облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев бастаған ел азаматтары шыршаны айнала ән айтып, көңіл көтерді.

Жас өрендер өнерлерін ортаға салып, театрландырылған қойылымдар бүлдіршіндерге ертегі әлеміне енгендей әсер қалдырды. Жаңа жылдық мейрамға келген балалар облыс әкімімен естелікке суретке түсті.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Президент 9 айда 112 796 шақырым жол жүрді[:]

Tue Dec 24 , 2019
Осынша шақырым жол жүруге 81 сағат 36 минут уақыт кеткен. Бұл туралы Ақордада ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли 2019 жылдың қорытындысына арналған брифинг барысында айтты. Мемлекет басшысының қатысуымен 463 іс-шара өтіп, еліміздің аймақтарына 25 рет сапарға шыққан. Президент қызметіне кіріскен сәттен бастап 249 мемлекеттік орган басшыларын қабылдаған. Ел жылнамасында […]
Top.Mail.Ru