Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелерімен бірқатар кездесулер өткізді

Белгілі қоғам қайраткері, публицист Сейдахмет Құттықадаммен әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жұмысының өзекті аспектілері, аталған диалог алаңының еліміздің әлеуметтік-саяси өміріндегі рөлі талқыланды.

Сонымен қатар, кездесуде қазіргі ішкі саяси ахуал және Орталық Азиядағы өңірлік үдерістер жөнінде сөз болды.

Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Асылбек Қожахметовпен өткен кездесуде азаматтық қоғамды дамыту, мемлекеттік органдар жанындағы қоғамдық кеңестердің рөлін арттыру мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы азаматтық секторды нығайтудың және оның әлеуетін әртүрлі салада пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, білім және ғылым саласын жаңғырту, университеттердің жаңа рөлі мен олардың мүмкіндіктерін ұлттық экономиканы реформалау ісіне пайдалану жөнінде сөз болды.

Президент «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Берік Әбдіғалимен «Ұлытау-2019» халықаралық туристік форумында ұсынылған бастамалардың іске асырылу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, елімізде этнотуризмді кеңінен насихаттау қажеттігіне ерекше назар аударылды.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:ru]Глава государства принял Посла КНР Чжан Сяо [:kz]Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Елшісі Чжан Сяоны қабылдады [:]

Wed Aug 28 , 2019
Елші Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен келешегі жөнінде өз ойын ортаға салды, сондай-ақ биыл қыркүйекте ҚР Президентінің ҚХР-ға жасайтын алғашқы мемлекеттік сапарына дайындық барысы туралы баяндады. Президенттің пікірінше, алдағы сапар – қазақ-қытай қатынастарындағы маңызды оқиға. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тәуелсіздігін алған сәттен бастап екі ел арасында екіжақты […]