Үкімет заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын бекітті

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және 2020 жылға арналған жоспар жобасы қаралды.

ҚР әділет министрі М. Бекетаев баяндама жасады, ол биыл Парламентке «Педагог мәртебесі туралы», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексті, Экологиялық кодексті және т. б. қоса алғанда 32 заң жобасы енгізілгенін айтты.

«2020 жылға арналған жоспар жобасына өзекті және маңызды мәселелерді шешуге, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмаларын орындауға бағытталған 17 заң жобасы енгізілді», — деді А. Мамин.

Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасын және Жолдауын іске асыруға арналған заң жобалары қарастырылған. Жаңа заң жобалары, соның ішінде,«Ардагерлер туралы», «Өсімдіктер әлемі туралы» және әрекет етіп тұрған заңнамаға өзгерістер енгізуді көздейтін тағы да басқа бірқатар заң жобалары әзірленеді.

Премьер-Министр мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына заң жобалау жұмысын жеке бақылауға алуды тапсырды.

«Жоспарлы заң жобаларын енгізу мерзімдері бұзылған жағдайда тікелей бірінші басшылардың жауапкершілігі қаралатын болады», — деп А. Мамин, Әділет министрлігіне Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын іске асыру кезінде жалпы бақылауды күшейтуді тапсырды.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]2019 жылы Үкімет Парламент қарауына 32 заң жобасын енгізді[:]

Mon Dec 30 , 2019
Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспарының орындалу барысы және 2020 жылға арналған жобасы туралы Үкімет отырысында  әділет министрі Марат Бекетаев баяндама жасады.  М. Бекетаев атап өткендей, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2019 жылға арналған жоспары бекітілген кезде онымен 27 заң жобасын әзірлеу […]