Top.Mail.Ru
Ерлан Айтаханов мәжіліс депутаттарымен кездесті

Ерлан Айтаханов мәжіліс депутаттарымен кездесті

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов еліміздің үшінші мегаполисіне арнайы жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесті. Олардың қатарында Дархан Мыңбай, Нұржан Әлтаев және Фахриддин Қаратаев бар.

Кездесуде қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алда атқарылар жұмыстардың жайы сөз болды.

Қала басшысы түрлі мемлекеттік бағдарламалардың қалада өз деңгейінде жүзеге асырылып отырғанын жеткізіп, Шымкент халықтың санымен ғана емес, экономикалық қуатымен де қарқынды өсіп келетінін атап өтті.

«Өткен жылдың 11 айы бойынша өнеркәсіп өнімі – 16,4 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімі – 5,5 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі – 15,3 пайызға, ал бөлшек сауда көлемі 7,1 пайызға артты. Қалада 2 индустриялық аймақ жұмыс істейді, олардың жері 100% игерілген. Бүгінгі күнге құны 42 млрд теңгелік 67 жоба іске қосылып, 4 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. Ашылғалы мемлекеттік бюджетке 16 млрд теңге көлемінде салық түсті. Бұл бағыттағы жұмыстар биыл да жалғасады», – деді қала әкімі.

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып отырған бағдарламалардың орындалуына қаныққан халық қалаулылары алдағы уақытта да Шымкент қаласының өсіп-өркендеуі жолындағы жобаларға барынша өз үлестерін қосып, қолдау білдіретіндерін жеткізді.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Үкіметтік комиссия Алматыдағы ұшақ апатының себебін жариялады (видео)[:]

Fri Jan 10 , 2020
Алматы облысында болған BekAir әуе компаниясы ұшағының апаты себептерін анықтау жөніндегі үкіметтік комиссия жұмысының алдын-ала қорытындылары туралы брифинг өтті. Бұған дейін Үкімет басшысы Асқар Мамин апат себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссия 2020 жылдың 10 қаңтарына қарай өз жұмыстарының алдын ала қорытындыларын ұсынуы тиіс деген болатын. Брифингке қатысушы спикерлер: Премьер-Министрінің орынбасары Роман […]
Top.Mail.Ru