Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Елшісі Чжан Сяоны қабылдады

Елші Қазақстан мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі ахуалы мен келешегі жөнінде өз ойын ортаға салды, сондай-ақ биыл қыркүйекте ҚР Президентінің ҚХР-ға жасайтын алғашқы мемлекеттік сапарына дайындық барысы туралы баяндады.

Президенттің пікірінше, алдағы сапар – қазақ-қытай қатынастарындағы маңызды оқиға. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тәуелсіздігін алған сәттен бастап екі ел арасында екіжақты ықпалдастық пен халықаралық күн тәртібіне қатысты барлық мәселелер бойынша ашық әрі сындарлы диалог орнағанын айтты.

Мемлекет басшысы осы дәстүрді жалғастыру керектігін атап өтті. «Қазақстан ҚХР-мен жаңа технология, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалары бойынша ынтымақтастықты дамытуға мүдделі»,

– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:ru]Детский сад с трехъязычным обучением открылся в Шымкенте[:kz]Шымкентте үш тілде білім беретін жаңа балабақша ашылды[:]

Wed Aug 28 , 2019
Шымкент қаласында білім күніне орай үш тілде білім беретін 900 орындық жаңа балабақша пайдалануға берілді. Білім мекемесінің ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Ерлан Айтаханов жаңа ғимаратты аралап көріп, ондағы балаларға жасалған жағдаймен танысты. Сонымен қатар, бүлдіршіндердің дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалап, балалар мен ата-аналарды және тәрбиешілерді балабақшаның ашылуымен құттықтады. Жаңа үлгіде […]