Top.Mail.Ru
Әйгілі баскетболшы Коби Брайант тікұшақ апатынан қаза тапты

Әйгілі баскетболшы Коби Брайант тікұшақ апатынан қаза тапты

Спортшымен бірге 13 жастағы қызы болған.

Ұлттық баскетбол қауымдастығының (NBA) жұлдызы Коби Брайант Калифорнияда тікұшақ апатынан қаза тапты деп жазады TMZ Sports.

Даңқты спортшы 42 жаста еді. Онымен бірге 13 жастағы қызы да көз жұмды. БАҚ мәліметінше, оқиға орнынан 9 адамның денесі табылған.

TMZ хабарлағандай, ұшақ құламастан бұрын әуеде өртенген. Қазіргі таңда апаттың себебі анықталып жатыр. Брайанттың артында әйелі мен үш қызы қалды.

Коби Брайант «Лос-Анджелес Лейкерс» командасымен бірге NBA чемпионы атанды және 18 рет «Жұлдыздар кездесуінде» өнер көрсетті. Ол спортты 2016 жылы тастап, баскетбол тарихындағы аңыз адамдар тізіміне атын жазды.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Мегаполис әкімі демалыс күндері қала аралады[:]

Mon Jan 27 , 2020
Қала әкімі М.Әйтеновтің бұл жолғы жиналысы әдеттегідей кабинетте емес, автобуста өтті. Шаһар басшысы орынбасарлары мен басқарма басшыларын жинап, автобуспен қаланы аралады. Аралау «Шымкент Сити» шағынауданындағы мектеп құрылысының барысын көрумен басталды. Одан әрі орталық ипподромдағы «Этноауыл» құрылысы жобасымен танысты. «Karlskrona LB AC» ЖШС өкілдері Мұрат Дүйсенбекұлына атқарып жатқан жұмыстарын баяндады. Қала […]
Top.Mail.Ru