Top.Mail.Ru
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов: «Журналистермен жұмыла жұмыс жасаймыз!»

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов: «Журналистермен жұмыла жұмыс жасаймыз!»

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов мырза Оңтүстік өңірінің журналистер қауымы өкілдерімен кездесу өткізді.

Тағайындалғанына енді ғана 10 күн болған қала басшысы сенбі, жексенбі демей қаладағы барлық маңызды объектілерді түгел аралап шығып, әр сала бойынша  жұмыстың барысымен етене танысып шыққаны баршаға белгілі.

Өз кезегінде  журналистерге де уақыт бөліп, қаламгерлердің ұсынысы мен ой  толғанысын мұқият  тыңдады.

Алдағы уақытта БАҚ өкілдерімен тығыз қарым қатынаста жұмыла жұмыс жасап, қаладағы қордаланған келелі проблемаларды бірге шешетінін айрықша атап өтті. Бас қосуда республикалық газет, телевидение, сайтта қызмет ететін журналистер қауымы өз көкейінде жүрген толғанысарымен толымды бөлісті. Жиында маңызды мәселелер ортаға салынып, талқыланды да.

Билік пен халық ортасында алтын көпір аманатын адал атқарып жүрген журналистер өз ризашылығын білдіріп тарасты.

фото авторы Самат Мырзалиев

«Әділет – ақпарат»

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

Гүлнұр Байдуллаева

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Ғарышқа саяхат[:]

Wed Jan 29 , 2020
Балалық шақта барлығы ғарышкер болуды армандайтыны сөзсіз. Тылсым, заңғар көк кеңістік өзіне тартып, оның сыры жайлы білгіңіз келе ме? Ендеше сіздерге біздің галактика туралы тың деректерді ұсынамыз. Заразапқа салған күнделікті тіршіліктен бір мезет тынығып, ғарыш әлеміне саяхаттаңыз. Күн Жер ғаламшарынан 300 000 есе үлкен. Жарық біздің ғаламшарға 8.3 минутта жетеді. Сондықтан […]
Top.Mail.Ru