Коронавирус туралы жалған ақпарат таратқан гинеколог ұсталды

Алматыда коронавирустың жұғып жатқаны туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарап кеткен жалған хабарламаның авторы ұсталды.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мен қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының ресми өкілі Ержан Байтанаев өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

Алматыда қауіпті коронавирустың тарап жатқаны туралы жалған хабарламаның авторы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы орталық ауруханасының акушер-гинеколог дәрігері Айтжанов Думан есімді азамат болып шықты.

Ол өзінің жалған ақпаратты ойдан шығарғанын, оны WhatsApp желісіндегі сыныптастары мен достарының тобына әдейі жібергенін мойындады.

«Мен ол хабарламаны достарым аздап қорқып, сақтанып жүрсін деген ниетпен жіберген едім. Ал 70 адам жұқтырған деген ақпаратты достарымның арасында әлдекімнің айтып жатқанынан естіп қалып, қостым. Мен өз қателігімді мойындап, жалған ақпарат таратқаным үшін халықтан кешірім сұрай отырып, бұдан былай бәріңізді осындай жайттардан аса сақ болуға шақырамын», – деді дәрігер.

Айта кетсек, 30 қаңтар күні әлеуметтік желілерде Алматы қаласында коронавирустың көптеп таралып жатқаны, ендігі 70 адамның ауру жұқтырып үлгергені туралы жалған хабарлама тарап кеткен болатын. Бұл жалған ақпаратқа қатысты Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлімдеме жасап,  тұрғындардан арандатушылық пен қауесетке сенбеуге, тек билік тарапынан берілетін ресми ақпарат көздеріне сүйенуді сұрай отырып, құқық қорғау органдарының арандатушыларды анықтап жатқанын айтқан еді.

Еске салсақ, соңғы мәліметтер бойынша Қытайда коронавирустан 170 адам көз жұмды. Ал ауру жұқтырғандар саны 7 800-ден асып кетті.

Желіде бөлісіңіз
ЖарияланғанІлмек сөздер

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Түркістан облысында 27 мыңнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған[:]

Fri Jan 31 , 2020
Түркістан облысы бойынша 746 мемлекеттік жалпы орта мектепте 409 971 (98,3%) оқушыға ыстық тамақ ұйымдастырылған. Оның ішінде 27 368 балаға тегін ыстық тамақ берілуде. Атап айтқанда, облыста әлеуметтік тұрмысы нашар отбасынан шыққан 1-4 сыныптың – 11 833 оқушысы (100%), 5-11 сыныптың – 15 535 оқушысы (100%) ыстық тамақпен қамтылуда. Сонымен […]