Top.Mail.Ru
Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының төрағасы қамауға алынды

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының төрағасы қамауға алынды

Биылғы 30 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Бостандық аудандық сотының төрағасына қатысты күзетпен ұстау санкциясын шығарды, – деп хабарлайды adilettv.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Сот сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің судьяның сотқа дейінгі әділ тергеу жүргізуге кедергі жасау мүмкіндігі туралы дәлелдерін қолдаған.

Фемида өкілі борышкердің Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына санкция бергені үшін азаматтан айтарлықтай мөлшерде пара алды деген күдіктеніп отыр.

Бұл қылмыстың Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлескен жұмыс нәтижелері бойынша анықталғаны айтылады.

Желіде бөлісіңіз
Жарияланған

"Әділет.тв" ақпараттық агенттігі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Келесі жазба

[:kz]Коронавирус құрбандарының саны 361 адамға жетті[:]

Mon Feb 3 , 2020
Қытайда жаңа коронавирусты жұқтырғандар саны 17 205 адамды құрады. Олардың 361-і қайтыс болған деп хабарлайды РИА Новости ҚХР Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетке сілтеме жасап. Айта кетейік, бір күн бұрын ауруды жұқтырғандар саны 14 380-ді құрап, 308 адам вирус құрбаны болған еді. «2 ақпан түнгі сағат 12-дегі жағдай бойынша, елдің 31 […]
Top.Mail.Ru